Басты жаңалықтар

«ҚазАгроФинанс» филиалының экс-басшысы өз көлігінде өлі табылды

Алдын ала болжам бойынша ол қаржылай қиындықтардан өзін тапаншамен атқан

Жетісу облысында «ҚазАгроФинанс» филиалының бұрынғы басшысы өз көлігінен өлі күйінде табылды. Тәртіп сақшылары Талдықорғандағы қайғылы жағдай болған қонақүйдің көлік тұрағын қоршауға алып, тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ Полицияның мәліметінше, 47 жастағы ер адам өзін тапаншадан атқан. «ҚазАгрофинанс» Алматы облысы филиалында Ержан Устаев 21 жыл жұмыс істеген екен. Экс-менеджердің өзіне қол салуына қаржы қиындықтары себеп болуы мүмкін деген болжам бар.