Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Павлодарда жұмысына 10 минут кешіккен әйелді бастығы ұрып, мұрнын бұзды

Ер адам әйелді бір ұрып қоймастан, бірнеше соққының астына алған. Жұмысшының миы шайқалып, түрлі дене жарақатын алған

15.12.2022
0
Павлодарда жұмысына 10 минут кешіккен әйелді бастығы ұрып, мұрнын бұзды

Павлодарда мекеме басшысы қол астындағы қызметкер әйелдің жұмысқа 10 минут кешіккені үшін мұрнын бұзды. Бетін көгертіп, денесіне түрлі жарақат салған.

Қазір қатал бастықтың бұл әрекетін сот қарап жатыр. Юлия Пузина — фитнес жаттықтырушысы болып жұмыс істейді. Спорт кешенінде еңбек еткеніне 13 жылдан асқан. Осы уақытқа дейін бірде-бір рет ескерту алмаған қызметкер бар болғаны 10 минутқа кешігіп қалған. Сол үшін басшысы жаттықтырушыны кабинетіне қуып барып, соққының астына алған.

«Ол артқа бұрылып кабинеттің есігін тарс жапты да, мені жұдырықпен бетімнен ұрды. Қатты соққыдан есімді жоғалтып ала жаздадым. Теңселіп барып, әрең өз-өзіме келдім. Сосын ол маған түрлі балағат сөздер айтып, бұл жерден тірі кетпейсің — деп айғайлады. Жұдырығы мұрныма тиіп, қан кетті»,- зардап шегуші Юлия Пузина.

Соққының салдарынан әйелдің миы шайқалып, бетінің жақ сүйегі көгерген. Аяғында да жарақат іздері бар. Қазір аталған іске байланысты мекемеде қызметтік тексеру басталды.

«Біздің мекемеде аталған іске байланысты арнайы комиссия құрылды. Олар жаттықтырушыны соққыға жығу дерегі бойынша қызметтік тексеру жүргізеді», — дейді  Жоғары спорттық шеберлік мектебінің заңгері Мақсұт Байғабылов.

Ал жұмысшының құқығын қорғайтын еңбек басқармасы зардап шегушіге тек заңдық тұрғыдан ғана көмек көрсете алатындарын айтады.

«Бұл кәсіпорын шағын бизнес нысанына жатады. Сондықтан, оған біз тексеру жүргізе алмаймыз. Президент жарлығымен тексеру жүргізуге мараторий жарияланған. Сол себепті зардап шегушіге тек құқықтық көмек бере аламыз»,-дейді Павлодар облыстық еңбек басқармасының бас маманы Ербол Сайфуров.

Қатал басшының қатаң әрекеті сотта қаралып жатыр. Ал зардап шегуші уақытша жұмысқа жарамсыз. Сондықтан да ол бастығы жауапгершіліктен құтылып кете ме — деп алаңдайды.

Дереккөзі: Астана арнасы

Бөлісу120Твит75
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3859 бөлісу
    Бөлісу 1544 Твит 965
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4835 бөлісу
    Бөлісу 1934 Твит 1209
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2121 бөлісу
    Бөлісу 848 Твит 530
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1687 бөлісу
    Бөлісу 675 Твит 422
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1590 бөлісу
    Бөлісу 636 Твит 398
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1476 бөлісу
    Бөлісу 590 Твит 369
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2119 бөлісу
    Бөлісу 848 Твит 530
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1438 бөлісу
    Бөлісу 575 Твит 360
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1283 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1111 бөлісу
    Бөлісу 444 Твит 278
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.