Болат Назарбаевтың көмекшісі ұйымдастырған қылмыстық топтың былығы әшкереленді
Елдос Қоспаев құжатсыз Алматы облысында бассейн, жаттығу залы бар зәулім үй салған. Ол жерде асыл тұқымды жылқы өсіріп, аю, арыстан сынды аңдарды әкеліп хайуанаттар бағын жасаған, деп хабарлайды KYN.KZ. Қылмыстық топ мүшелері 2018-2021 жылдар аралығында аталған үйдің қызметкерін бірнеше рет зорлады. 2018 жылғы қазаннан бастап Қоспаев, Бабаев, Әбіжанов, Танашев, Кудряшова және топтың басқа да мүшелері азаматтардың 3 жер учаскесін, 20 кеңсе үй-жайы мен 113 пәтерді иемденген. Қаржылық мониторинг агенттігі іздеуде жүрген Елдос Қоспаев пен оның сыбайластары өзге де кәсіпкерлерді қалай тонағанын жариялады.