Пятница, 24 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

15 жасында балалы болған 8-сынып оқушысын ата-енесі үйінен қуып жіберді

15.12.2022
0
15 жасында балалы болған 8-сынып оқушысын ата-енесі үйінен қуып жіберді

14 жасында зорланған қызының жүкті екенін ауруханада бір-ақ білген анасы Әсия Магнатқызы ақиқатты естігенде есінен танып қалған. Ол «сабақтан бас алмайды» деген Перизаттың жігіттермен әуей болғанын байқамағанын айтады, деп хабарлайды KYN.KZ сайты «Көреміз» тележобасына сілтеме жасап.

Қыз бен жігіт болып көңіл жарастырып жүрген күндердің бірінде 17 жастағы Рахымжан Перизатты соққының астына алып, тепкен. Аудандық ішкі істер бөлімшесіне түскен Әселдің жағдайына қарап, оны ауруханаға жіберген. Ал ауруханада құрсағында 2 айлық баласының бар екенін білген Перизат Рахымжан баланың өзінен екенін мойындамай, тіпті өзін танымаймын дегенін де жасырмады.

Ата-анасының қара бет болғанын қаламаған қыз Рахымжанға айтып жүріп құлағына сырға салдырған. Іс насырға шаппасын деп жігіт қыздың құлағына сырға, басына ақ орамал салып үйіне алып келеді. Абысындары түртпектеп күн көрсетпей, тіпті күйеуі ұратын көрінеді. Көңіл қосқан жігітіне асыққан қыз ақыр соңында қайынжұртынан безінген.

«Аяғым ауыр кезде ұйқыға жерік болып, көп ұйықтайтынмын. Соны айтып тиісетін еді. Басқа келіндерін айтып, солармен жиі салыстыратын. Балама да қараған жоқ енем. Балама бір жасына дейін берілетін жәрдемақысын қолыма ұстатқан жоқ. Ата-енем өздері алып алды. Барлық келіндерінен осылай немерелеріне берілетін ақшаны алатынын айтты.

Оқушы келінінің кәмелет жасына толуын күткен ата-ене арада үш жыл өткен соң немересінің өздерінікі екендігіне күмәндана бастаған. 18 жасқа толған Перизат түнде құрбылармен қыдыруды әдетке айналдырғанын айтады оқушы келіннің қайынатасы.

«Келінімді ұлым да, мен де сыйладым. Жүкті кезінде көлігіме салып алып, жегісі келген тамағын таңдап жүріп алып беретінмін. Ұлым екеуі алғашында түнімен ұйықтамай, бала секілді ойнап жүретін. Келіннің мінезі бар. Ұлым екеуі келісе алмай қалған күндері де болды. Сондай сәттердің бірінде баланың Рахымжаннан емес екенін айтқан. Оны естіген балам бір түрлі болып қалды. Келіннің айтып отырған ақшасының бір тиынын да алған емеспіз. Ақша түсетін карта өзінде. Тіпті біз қолына ақша ұстататынбыз», — дейді қайынатасы Күнту Жақсылықбайұлы.

Бірінші күйеуі Оразбай қайтыс болған Әсия Магнатқызы жарының қазасынан соң Ақтөбеге кетеді. Ол жерде бір ер адамды жолықтырып, сонымен көңіл қосады. Алайда бақытты болам деп таңдауы түскен азамат сол уақытта 13 жаста болған, 15 жасында ана атанып отырған қызы Перизатты өзі жұмыста жүргенде қорлайтын болған. Салдарынан 13 жасар Перизат рухани жарақат алып, психодиспансерде біршама уақыт ем алған. Ал қызға жыныстық зәбір көрсеткен 1978 жылғы азамат 17 жылға сотталған.

Сонымен 3 жастағы Хамзаның әкесі кім екенін әзірге белгісіз.

Бөлісу274Твит172
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6023 бөлісу
    Бөлісу 2409 Твит 1506
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3204 бөлісу
    Бөлісу 1282 Твит 801
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2029 бөлісу
    Бөлісу 812 Твит 507
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2366 бөлісу
    Бөлісу 946 Твит 592
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1406 бөлісу
    Бөлісу 562 Твит 352
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1381 бөлісу
    Бөлісу 552 Твит 345
  • Мадина Садуақасова енесімен қарым-қатынасындағы қиыншылық туралы айтты

    1868 бөлісу
    Бөлісу 747 Твит 467
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1546 бөлісу
    Бөлісу 618 Твит 387
  • Ақтөбе облысына қарасты Қобда ауылында қызыл су басқан үйлер құлап жатыр

    1190 бөлісу
    Бөлісу 476 Твит 298
  • Али Оқапов әке болғалы өміріндегі өзгерістер туралы айтты

    1054 бөлісу
    Бөлісу 422 Твит 264
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.