Мәулен Әшімбаев: Парламенттік сайлауға дейін Үкімет отставкаға кетпейді (видео)
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жылға Үкіметтің осы құрамымен аяқ басуға бола ма?» деген сауалына пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы. «Мемлекет басшысы Үкіметке әлеуметтік бағыттар, инфрақұрылымдық мәселелер мен экономикалық өсуді қамтамасыз ету, бизнесті қолдау бойынша тапсырмалар берді. Бұл Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға және саяси, экономикалық, әлеуметтік реформаларды одан әрі іске асыруға, сондай-ақ Президенттің сайлауалды бағдарламасын орындауға назар аударуы тиіс екенін аңғартады. Келесі жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауы өтеді. Заңнамаға сәйкес Мәжіліс сайлауынан кейін Үкімет отставкаға кетеді және жаңа үкімет құрылады. Кім қалады, кім жұмысын жалғастырады, бұл, ең алдымен, олардың қызметтерінің тиімділігіне, атқаратын жұмысына байланысты. Мемлекет басшысы өзі тиісті бағасын береді деп ойлаймын». https://youtu.be/qQ0jiQasOT0