Жаңаөзенде 19 жасар әскери қызметкер асылып өлді
Келісімшарт бойынша ішкі әскерлер қатарында қызмет етіп жүрген сарбаз бүгін түнде асылып өлді, деп хабарлайды KYN.KZ сайты. Ақтөбелік қызметкер шалбарының белдігіне асылып, қайтыс болды. Ақтау гарнизоны әскери прокуратурасы мәйітті әріптесі тауып алғанын хабарлады. Оқиға 15 желтоқсан күні Жаңаөзен қаласындағы ҚР Ұлттық ұланының 5548 әскери бөлімінің жатақханасында болғаны айтылған хабарламада. «Әріптесі 2003 жылы туған қатардағы жауынгерді асылып өлген күйінде тауып алды. Қайтыс болған азамат 2021 жылдан бері қарулы күштер қатарында, бойдақ. Бұл факті Жаңаөзен қалалық ІІБ-ның КҚБ-на тіркелді», - деп мәлімдеді Ақтау гарнизоны әскери прокуратурасы.