Понедельник, 27 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Президентке үндеу жасаған шымкенттік полицейлер қысым көруде

16.12.2022
0
Президентке үндеу жасаған шымкенттік полицейлер қысым көруде
Фото: Айгүл Орынбектің парақшасынан алынды

Шымкентте ондаған полиция қызметкері президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, көмек сұрады. Олар «басшыларына пара беруге мәжбүр болғанын» сол үшін жұмыстан шығып қалу қаупі туғанын айтқан. 

Инспекторлар үндеуді әлеуметтік желі арқылы жолдаған.

Үндеуді Шымкент қаласы полиция департаменті потрулдік полиция полкінің жеке құрамы 4-рота және 8- рота инспекторлары жасаған. Үндеуді бір полиция оқып, отыздан аса полиция қолдайтынын бір ауыздан білдірген.

Инспекторлар «ішкі істер саласына жұмысқа кірген күннен бастап халықтың тыныштығы үшін күшейтілген күн тәртібінде үздіксіз қызмет атқарғанын» бірақ «рота командирлері (Қайрат)  Әлімханов және (Нұрғали) Мырзалиевтің қысымымен ақша жинап отырғанын», бұл дерек бойынша «іс қозғалып, ақталмайтын негізбен қысқартылғанын» хабарлаған.

 

«Пандемия және Қаңтар оқиғасы кезінде халықтың тыныштығын сақтап қалуға, қиын қыстау кездері отбасымызды тастап, өмірімізді қауіп-қатерге тігіп қызмет атқардық. Сізден, бізді ішкі істер салсында қызметте қалдыруды сұранамыз. Біз елге адал қызмет етеміз деп ант етеміз!» дейді полицейлер.

 

 

Осы орайда заңгер Айгүл Орынбек пен  Orda.kz тілшісінің қысқаша сұхбатын ұсынғанды жөн көрдік.

— Полицейлердің мұндай қадамға баруының себебі 30 жыл бойы ішкі жүйенің шірігенінің айқын көрінісі. Ашық айтылмаса да мәжбүрлі түрде ақша жиналатынын халық білетін.  Полицияны басшылық қинаса, полиция халықты қинайды. Маған ашық жариялаудан қорқып, полицейлер онанимді хат жазатын. Мысалы, «аурухана парақшасын аштыру – 5-8 мың теңге» деген оннан аса, «демалысқа шыққанда демалыс ақшасының 10 пайызын беріп шығамыз» деген елуден аса шағым түсті. Полицейдің айлық жалақысы – 150 мың теңге. Қымбатшылық олардың да қалтасына салмақ түсіріп жатыр. Олар да бұрынғыдай үндемей отыра алмайды. Кредитке байланған, отбасын асырау керек.

— Үндеу жасаған полицейлердің үстінен іс қозғалған, бірақ қысқартылған ба? 

— Иә, пара бердіңдер деп іс қозғалған. Бұлар пара бергенде қалай берген? Басшылары мәжбүрлі түрде ақша жинап отырған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық іс қозғап, рота басшыларының ісін сотқа жіберген.  Ақша жинап беруге мәжбүр болғандардың ісі қысқарған. Енді жұмыста қалдыру, қалдырмауды басшыларың шешеді деген.

— Инспекторлар үндеуді жасамас бұрын қандай әрекетке барған?

— Полицейлердің айтуынша, әуелі жол-көлік полициясына барған. Басшылар полиция ғимаратына кіргізбеген соң қалалық полиция департаментіне барған. Сол кезде бұларды тоқтатуға арнайы жасақ тартылған. Бұл шағымнан департаменттің хабары бар. Наразылық білдірместен екі күн жұмысқа шықпай, қарсылығын танытқан. Олардың бар сұрағы: «Біз неге жұмыстан кетуіміз керек? Бала-шағамызды кім асырайды?» болып отыр.

— Үндеу президент әкімшілігіне ресми түрде жіберілді ме, әлде видеоүндеумен шектелді ме?

— Қазірге видеоүндеу жасады.

— Инспекторлармен сөйлесу мүмкін болмай тұр. Мәлімдемеден соң оларға қандай да бір қысым жасалды ма? Бұл туралы сізге хабарласты ма?

—  Видеоүндеу шыққан соң басшылық оларды шақырған. Ұрысқан. Әсіресе президентке хатты оқып берген инспекторға қысым жасалған. Меніңше, бұл іс қараусыз қалмайды. Бас прокуратура мен президент әкімшілігі қолға алады деп үміттенемін.

Үндеуді әлеуметтік парақшаларында жариялаған заңгер Айгүл Орынбек Orda.kz тілшісіне мәлімдеме жасаған инспекторлар қысымның астында қалғанын хабарлады. Ал инспекторлардың өзімен сөйлесу мүмкін болмады. Орынбектің сөзінше, ресми үндеу жасағандардың саны алпысқа жуықтаған. Жалпы қысқартуға түсуі мүмкін полиция саны жүзге жақын.

Полиция инспекторларының үндеуіне байланысты әзірге қалалық полиция департаменті қандай да бір пікір білдірмеді.

Бөлісу34Твит21
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3809 бөлісу
    Бөлісу 1524 Твит 952
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1490 бөлісу
    Бөлісу 596 Твит 373
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    1112 бөлісу
    Бөлісу 445 Твит 278
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6319 бөлісу
    Бөлісу 2528 Твит 1580
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    1083 бөлісу
    Бөлісу 433 Твит 271
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3367 бөлісу
    Бөлісу 1347 Твит 842
  • Қазақстанның төрт өңіріне өзен суы арнасынан тасу қаупі төніп тұр

    597 бөлісу
    Бөлісу 239 Твит 149
  • Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

    559 бөлісу
    Бөлісу 224 Твит 140
  • Астана қалалық соты Арман Шораевты кінәлі деп үкім оқып, жаза бекітті

    617 бөлісу
    Бөлісу 247 Твит 154
  • Ақтөбеде әйелі мен қызын пышақтаған мектеп директоры жазықсыз деп танылды

    456 бөлісу
    Бөлісу 182 Твит 114
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.