Суббота, 25 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Димаш Құдайберген Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтап, ерекше сыйлығын берді (видео)

93 жасқа толған әншінің қос балдаққа сүйеніп қалғанын көргендер "көзімізге жас үйірілді" деп жазды

17.12.2022
0
Димаш Құдайберген Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтап, ерекше сыйлығын берді (видео)
16 желтоқсан күні дүниеге келген қазақтың бұлбұлы Бибігүл Ахметқызын талантты әнші Димаш Құдайберген үйіне барып құттықтап, арнайы алған сыйлығын табыстады, деп жазды KYN.KZ.
 Бибігіүл Төлегенованы видеодан көрген тыңдармандары 93 жасқа толған сәтінде де ерекше әдемі екенін жарыса жазып жатыр.
Көпшілік көңілінде ерекше сымбатымен, сыңғырлаған дауысы, әдемі бейнесімен қалған әншінің төрт дөңгелекті қос балдаққа сүйеніп жүргенін көргендер арасында «көзімізге жас алдық» дегендер де болды.
Димаш Құдайберген Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтап, ерекше сыйлығын берді (видео)
«Аса құрметті Бибігүл Ахметқызы Төлегенова! Сізді туған күніңізбен құттықтаймын! Қазақ ән өнерінің негізін салушы, тұтастай еліміздің абыз анасы тек қуанышқа бөлене бергей!Апамыз биыл 93 жаста!
Әлі есімде 2015 жылы «Славян базарына» барғалы жатқанда аналық ақ батаңызды беріп тілеуімді тіледіңіз. Қытай елінде де,Америка елінде де,басқа мемлекеттерде де жарыста жүрген кездерімде әрқашан бата беріп шығарып салатын кездеріңіз мәнгі есімде қалады. Қазақ ән өнерінің – анасы екендігіңіз сөзсіз.
Бибігүл апа, сізге, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, 95 және 100 жылдығыңызды дүркіретіп атап өтейік! Сіздің күш жігеріңіз, еңбек еткен жолдарыңыз барлығы бізге, барлық жастарға үлгі өнеге! Қазақ қоғамы апамыздың өнерін сақтап, ғасырдан ғасырға жеткізу әр азаматқа парыз!»,- деп жазды Димаш Құдайберген.

Қазақстанды әлемге танытып жүрген Димаш  Бибігүл Төлегеноваға сырға сыйлап, көңілін көтеріп қойды. Көпшілік әншінің атасы мен апасы берген тәрбиесіне, қарапайымдылығы мен кішіпейілділігіне тәнті екендіктерін жазып жатты. Көпшілік Димашқа Төлегенованың қазіргі жағдайын, амандығын көрсеткені үшін де  алғыс жаудырды. Төлегенованың тыңдармандарының біразы аты аңыз әншіні көргендеріне риза болған.

«Табиғи сұлулық деген осы ғой. Апамыз үй жағдайында да әдемі»,  «Бибігүл Төлегенова біздің санамызда әдемі, жас, сымбаты келіскен қалпында қалып қойыпты. Балдаққа сүйенгенін көріп, көңілім босады. Бірақ апамыздың жасы да оңай жас емес. Алла күш берсін» деп жазды көпшілік.

Бөлісу103Твит64
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6249 бөлісу
    Бөлісу 2500 Твит 1562
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3145 бөлісу
    Бөлісу 1258 Твит 786
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3329 бөлісу
    Бөлісу 1332 Твит 832
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1486 бөлісу
    Бөлісу 594 Твит 372
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1602 бөлісу
    Бөлісу 641 Твит 401
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2050 бөлісу
    Бөлісу 820 Твит 513
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    887 бөлісу
    Бөлісу 355 Твит 222
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    835 бөлісу
    Бөлісу 334 Твит 209
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2414 бөлісу
    Бөлісу 966 Твит 604
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1561 бөлісу
    Бөлісу 624 Твит 390
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.