Пятница, 24 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Ақтөбелік 5 баланың анасы: Әкімдіктегілер мені алаяқ, әдемі үйде тұрады, үнемі қайыр сұрап жүреді деп кемсітті

Ақтөбелік әйел балалары үшін қарызға батып, үй салғаны үшін өзін әжуалаған әкімдікке ренжулі

17.12.2022
0
Ақтөбелік 5 баланың анасы: Әкімдіктегілер мені алаяқ, әдемі үйде тұрады, үнемі қайыр сұрап жүреді деп кемсітті

Бес баланың анасы  Индира Иқтиярова  Ақтөбе олыстық әкімдігінде қызмет ететін басшылар өзін келемеждеп, желіге жалған ақпарат салды деп есептейді. Сөзінше, басында 11 млн теңге көлемінде қарызы бар. Айына 500 мың теңге несие төлейді.

Соңғы кездері несиесін төлеуге шамасы болмағандықтан үйін банк бұғаттамақ болған.  Индира осы сәтте араша сұрап, Ақтөбе қаласы әкімдігіне барғанда ол жерде әкім болмапты. Облыстық әкімдікке барған кезде мекеме қызметкерлерінің арандатуына түсіп қалдым дейді.

Бұл туралы  Индира Иқтиярованың өзі  KYN.KZ сайтына хабарласып, мәселемді президентке жеткізіңіздер деген өтініш айтты.

«Тура қазір мен бес баланы жалғыз асырап отырмын.  Банк, жылдам несие дегендерді қосқанда 9 орынға айына 1 млн теңгеден астам қарызымды төлеймін. Бес баланың азық  — түлігі коммуналдық төлемдерді қосқанда, өзімнің балалардың киімдерін қосқанда ай сайынғы шығыным өте көп.

Қарызданып, үй салмасыма да болмады. Бес балаға дұрыс ұйықтайтын жер керек. Мен әкімдіктен қайыр сұрап емес, жұмыс істеп ақшаны төлейін, үйімді  аресттен құтқарыңыздар деп бардым. Бұл кісілер менің үйімді түсіріп «Осындай әдемі, қымбат үйде тұрады.

Әкімдікке келіп шу шығарып, қайыршылықпен айналысады» деп айыптаған. Ол аз дегендей Облыстық әкімдік қызметкерлері  көпбалалы аналарды жинап митинг ұйымдастырды, шу шығарып тәртіпсіздік жасады, полицияға бағынбады деп арыз жазған. Енді міне кеше сот болды. Маған 110 мың айыппұл салып отыр. Құрметті президент мырза, Жаңа Қазақстан осы ма?»,- дейді Индира Иқтиярова

Бөлісу16Твит10
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6024 бөлісу
    Бөлісу 2410 Твит 1506
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3204 бөлісу
    Бөлісу 1282 Твит 801
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2029 бөлісу
    Бөлісу 812 Твит 507
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2366 бөлісу
    Бөлісу 946 Твит 592
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1406 бөлісу
    Бөлісу 562 Твит 352
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1384 бөлісу
    Бөлісу 554 Твит 346
  • Мадина Садуақасова енесімен қарым-қатынасындағы қиыншылық туралы айтты

    1868 бөлісу
    Бөлісу 747 Твит 467
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1546 бөлісу
    Бөлісу 618 Твит 387
  • Ақтөбе облысына қарасты Қобда ауылында қызыл су басқан үйлер құлап жатыр

    1190 бөлісу
    Бөлісу 476 Твит 298
  • Али Оқапов әке болғалы өміріндегі өзгерістер туралы айтты

    1054 бөлісу
    Бөлісу 422 Твит 264
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.