Басты жаңалықтар

Жанарбек Әшімжанов: Жұртқа таң-тамаша болып жүре бермей тіршілігімізге кірісейік (видео)

ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжанов халықты әлем жұртшылығына аң-таң болмай, тірлік жасап, нақты іске көшуге шақырды, деп хабарлайды KYN.KZ. Ол әлеуметтік желіде қазақ келінінің ләңгі тепкен бейнежазбасын жариялап, әлем назарын өзіне аудырған футбол бойынша өткен әлемдік чемпионатының аяқталғанын ескертті. Ескерте отырып, ішкен асын жерге қойып көгілдір экран алдында термілген елді футбол көріп отыра бермей, жұмыс істеуге үндеді. «Есті екеу, түсті төртеу қылған әлем біріншілігі де бітті. Жұртқа таң-тамаша болып жүре бермей тіршілігімізге де кірісейік… Қорғасыны бар ләңгіні ұршықша үйірген жеңгелеріміз бен келіндеріміз алтын кубокты басынан асыра көтеретін қара домалақтарды дүниеге неге әкелмесін?!. Әкеледі», - дейді депутат. https://youtube.com/shorts/6FVPLvdYepQ?feature=share