Банктік несиесінен құтыла алмай жүргендердің қарызы кешірілетін болды
Қарызға белшесінен батып, төлей алмай жүргендер «банкрот» деп танылатын болды. Оларға қатысты жаңа заң жобасы әзірленді, деп хабарлайды KYN.KZ сайты. Аталған заң жобасы Парламентте талқыланды. Бұл құжат бойынша ел азаматтарының қай бөлігі қарызынан құтыла алатыны, оларға қандай қатаң талаптар қойылатыны айтылған. Қаржы министрі жобаны таныстырып, кімдердің қарызы кешірілетінін айтып берді. «Рәсімдердің үш түрін енгізуді ұсынып отырмыз. Бірінші рәсім – соттан тыс банкроттық рәсімі. Оған азаматтар мынадай шарттар бойынша өтінім бере алады: банктер, микроқаржылық ұйымдар мен коллекторлар алдындағы берешек 4,9 миллион теңгеден, яғни ең аз көрсеткіштік есептен аспаса, сондай-ақ ресми кірісі жоқ немесе ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табысы болса. Бұл 36 мың теңге», - дейді Ерлан Кенжебекұлы. Банк алдындағы берешегі 4 млн 900 мың теңгеден асып кеткендер қарызынан кұтылу үшін сотқа жүгінеді.