Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ләйла Сұлтанқызы: Сынақпен келген жаңа жас (видео)

Ләйла Сұлтанқызы: Сынақпен келген жаңа жас (видео)
ашық дереккөз
Танымал тележүргізуші мерейлі 45 жасының сынақпен келгенін айтып, әлеуметтік желіде жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ. Ол бұған дейінгі туған күндерінде қасынан табылған марқұм күйеуі Қайрат Беркінбаевті еске алып, архивіндегі бейнежазбасын бөлісті. Тележүргізуші жұбайының қайтыс болуына әлі де көндіге алмай жүргенін, жаңа жасының сынақпен келсе де, одан күтер үміті көп екенін атап өтті. «Қайрекеңнің қырқы да өтті. Уақыт деген зымырап, өтіп жатыр. Жыл сайын осы күнді ерекше атап өтетінбіз. Биыл бәрі басқаша. Әдеттегідей адам көп, бірақ олар құттықтап емес, көңіл айтып келеді. Үйде дастархан әдеттегідей үнемі жайылып тұрады, бірақ оның төрі бос. 45 жас, сенен күтерім көп. Тек жақсылықпен келгейсің. Видеолар өткен жылғы туған күндерден», - дейді тележүргізуші. https://youtu.be/wuWYp_TV8qI
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар