Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Министр интернет сапасының нашарлағанын мойындады

20.12.2022
0
Министр интернет сапасының нашарлағанын мойындады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернеттің сапасы неге төмендеп кеткенін айтты.
Мәжілісте өтіп жатқан үкімет сағатында цифрлық даму министрі соңғы кезде интернет сапасы нашарлап кеткенін мойындады. Осы орайда Мусин оның себептеріне тоқталды.
«Интернет сапасы неге төмен деген шағымдар көп, оны біз мойындаймыз! Бірақ кейбір факторларға тоқталсақ. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі уақытта цифрлық экономика, ойын-сауық контенті өсті. Мысалы TikTok, YouTube, одан да басқа қосымшалар бар, олар толығымен қолданылуда.
Көріп тұрсаңыз, күнделікті өмірде таксистер де бағдаршамда тұрғанда телефонға қарап, видео көреді. Бизнестің виртуальды қарым-қатынасқа шығуы, яғни экономикалық іс-әрекеттің платформалық модельге өтуіне орай интернет траффикті пайдалану қарқыны едәуір өсуде», — деп түсіндірді ол.
Айтуынша, пандемия кезінен бастап бұл көрсеткіш 800 петабайтқа жеткен. Халықаралық телекоммуникация одағының (ITU) мәліметінше, былтыр бүкіл әлем бойынша интернетті пайдаланатын адамдар саны 4,9 миллиардтан асты. Ал дәл осы уақытта елімізде интернет пайдаланушылардың саны 90,9 пайызды құрайды.
«Интернет қолданушылар саны ғана емес, сонымен бірге олардың интернетте өткізетін уақыты да өсуде. Аталған факторлар байланыс инфрақұрылымына түсетін салмақтың артуына басты себеп», — деді Мусин.
Бұл ретте министрлік базалық станцияларды көбейту жұмысын жүргізіп жатыр. Министрдің айтуынша, интернет сапасының нашарлауына радиофобия да себеп болып отыр.
«Бүкіл әлемде ұялы байланыстың дамуына бұрыннан кедергі болған радиофобия проблемасы бар. Біздің мемлекетте де осындай топтар базалық станцияларды демонтаждау салдарынан байланыс сапасының күрт төмендеуіне себеп болады. Яғни, бұл мәселені түбегейлі шешпей, байланыс сапасын жақсарту мүмкін емес», — деді Мусин.
Ол демонтаж салдарынан интернет трафигі азаятынын, бұған қоса тұрғындар интернет трафигін күшейту құралдарын қосатынын атап өтті. Ал бұл өз кезегінде басқа үйлерде тұрған базалық станцияларға ауртпашылық түсіреді.
 дереккөзі:Sputnik.kz
Бөлісу20Твит12
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3912 бөлісу
    Бөлісу 1565 Твит 978
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4843 бөлісу
    Бөлісу 1937 Твит 1211
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2130 бөлісу
    Бөлісу 852 Твит 533
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1709 бөлісу
    Бөлісу 684 Твит 427
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1592 бөлісу
    Бөлісу 637 Твит 398
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1479 бөлісу
    Бөлісу 592 Твит 370
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1464 бөлісу
    Бөлісу 586 Твит 366
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2125 бөлісу
    Бөлісу 850 Твит 531
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1295 бөлісу
    Бөлісу 518 Твит 324
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.