Басты жаңалықтар
Ақтөбеде шетінеген шақалағын қорапқа салып, көшеге тастаған келіншектің жауабы жұртты шошытты
- автор kyn.kz
- 21 желтоқсан, 2022
- 339
29 жастағы әйелдің бұдан бөлек тағы екеі баласы бар екен
Ақтөбеде жаңа туған шақалақтың денесі табылды. Оны қағаз қорапқа салып, қаланың қақ ортасындағы көпқабатты үйлердің жанына тастап кеткен, деп жазды KYN.KZ.
Қораптағы бөбектің денесін сол маңнан өтіп бара жатқан жүргіншілер байқапты. Дереу тәртіп сақшыларына хабар берген. Жаңа туған сәби суықтан үсіп өлді ме, әлде өлі туылда ма, ол жағы әзірге белгісіз. Шақалақтың неден шетінегені сараптамадан соң белгілі болады. Тек бөбектің ер бала екені анық. Қазір бауыр еті баласын далаға тастаған көкек ана іздестіріліп жатыр.
"Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Бірнеше сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар жаңадан туған нәрестені туған анасын анықтауға бағылтталған іс-шаралар жүргізілуде",- дейді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Келесі мақала