Воскресенье, 26 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Бас прокуратура:Қазақстан Әблязовты экстрадициялау бойынша жұмысты тоқтатпайды

21.12.2022
0
Бас прокуратура:Қазақстан Әблязовты экстрадициялау бойынша жұмысты тоқтатпайды
Қазақстан Францияда жүрген экс-банкир Мұхтар Әблязовті елге экстрадициялау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәлімдеді.
Жуырда Франция соты Мұхтар Аблязовқа саяси баспана беруден бас тартқан болатын. Мәжіліс кулуарында журналистер Өмірәлиевтен «осыған байланысты Қазақстан қашқын экс-банкирді елге экстрадициялай ма?» деп сұрады.
Бас прокурордың орынбасары Қазақстанның қудалау органдары Әблязовқа қатысты 2 қылмыстық іс қозғағанын еске салды. Біріншісі – БТА банктің қаражатын жымқыруға қатысты. Екіншісі – Татишевтің өліміне байланысты.
«Екі қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі күшіне енгеннен кейін, экстрадиция бойынша біз Францияның өкілетті органдарына сұраныс хаттар жолдадық. Әрине, олардың қаралу сатысы әртүрлі мерзімде. Қазіргі таңда Францияның өкілетті органдары Әблязовтің статусының күшін жойды. Осы және басқа да біз қолданып отырған шаралар септігін тигізеді  деп ойлаймын. Сұраныс хаттар біздің бақылауымызда», — деді Өмірәлиев кулуарда.
«Яғни, Қазақстан Мұхтар Әблязовты экстрадициялау бойынша жұмысты жүргізіп жатыр ғой» деп нақтылады БАҚ өкілдері.

«Әрине, бұл жұмыс тоқтатылмайды. Осы жаңалықтың өзі де тек Қазақстан емес, әлемдегі барлық құқық қорғау органдары жұмысының нәтижесі. Біз бар күшімізді саламыз», — деп сендірді бас прокурордың орынбасары.

Айта кетері, Мұхтар Әблязов Парижде он жылдай тұрады.
Дереккөзі:Sputnik.kz
Бөлісу54Твит34
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3182 бөлісу
    Бөлісу 1273 Твит 796
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6252 бөлісу
    Бөлісу 2501 Твит 1563
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1486 бөлісу
    Бөлісу 594 Твит 372
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3330 бөлісу
    Бөлісу 1332 Твит 833
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    897 бөлісу
    Бөлісу 359 Твит 224
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    847 бөлісу
    Бөлісу 339 Твит 212
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1605 бөлісу
    Бөлісу 642 Твит 401
  • Астана қалалық соты Арман Шораевты кінәлі деп үкім оқып, жаза бекітті

    615 бөлісу
    Бөлісу 246 Твит 154
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2050 бөлісу
    Бөлісу 820 Твит 513
  • Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

    456 бөлісу
    Бөлісу 182 Твит 114
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.