Воскресенье, 26 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Астанада экс-енесі келіннен қалың малды қайтаруды талап етіп, сотқа берді

Дәм - тұзы жараспай ажырасқаннан кейін қалың малды қайтарғысы келген ене көргенсіз бе, қайтармаған келін ұятсыз ба?

21.12.2022
0
Астанада экс-енесі келіннен қалың малды қайтаруды талап етіп, сотқа берді

Қазақ ұғымында «Қалың мал» байлық пен жомарттықтың белгісі еді. Ал қазір оның мәні өзгерген секілді. Дәм-тұзы жараспай ажырасқаннан кейін қалың малды қайтарып беруді сұрайтындар көбейген, деп жазды KYN.KZ  сайты Астана арнасына сілтеме жасап.

«Иә. Мен келініме төлеген қалың малды қайтарып алуға келдім. Себебі, ұлыммен ажырасып кетті». Соңғы уақытта, осылай сотқа арыз жазып, қалың малды даулайтындардың қатары көбейген.

Бұл сараңдық па әлде надандық па? Енелердің бұл әрекетін қалай түсінуге болады? Өзін Оңтүстіктің келінімін деп таныстырған әйел күйеуімен дәм-тұзы жараспай, заңды түрде ажырасқан. Арада біршама уақыт өткен соң оған тағы соттан шақырту келіпті.

«Енем сотқа беріпті. Бүкіл қалың малды өндіріп, қайтарсын деген сияқты мағынада. Қалың малды бізде қазақта не үшін береді? Қыздың дүниесін апарсын, артынан көрпе-төсегін алып барсын деген сияқты ол заттардың барлығы алынып, менің шешем оның барлығын апарып қойған. Енді қандай оймен, қандай ниетпен олардың бұлай жасап жатқанын түсінбеді? Білмеймін кек алғысы келе ме? Ол жағын түсінбедім. Енді мен қалай ол ақшаны төлеуім керек?»,-дейді келін.

Қазір елімізде шаңырақ көтерген әрбір үшінші отбасы ажырасатын көрінеді. Ерлі-зайыптылар бұған дейін мүлікті бөлісе алмай дауласса, ал қазір қалын малды қайтару үшін шағымданатын арызқой көбейген.

«Арызда қалың малдың көлемін 2 мың доллар деп көрсеткен. Істі қарай келе қалыңдыққа алынған алтын бұйымдар мен былғары тонның құны 1 млн 800 мыңға бағаланды. Соттың шешімімен талап арыз қанағаттандырылмады. Әрине, олар соттың бұл шешімімен келіспей, аппеляциялық сотқа шағымданды. Аппеляцияда да үкімді өзгерткен жоқ. Себебі, ерлі-зайыптылардың ажырасқаннан кейінгі қалың малдың қайтарып алу еліміздің заңнамасында көрсетілмеген. Қалың мал ол өтемақы емес, ол сыйлық болып саналады»,- дейді  Астана қаласы  Есіл аудандық сотының судьясы Даржан Хакимова.

Ал мәдениеттанушы Абылайхан Қалназаров қалың малды даулайтын ата-енелердің бұл әрекетін қазақтың тамырынан ажырай бастағанының көрінісі дейді.

«Қазақ тарихында болған. Бірақ ол болары болып, бояуы сіңбей тұрып. Мысалы, атастырылса, кейіннен құдалар айнып жатса, үйленетін жігін не қыз қайтыс болса, бір жағдайға ұшырап жатса, билердің шешімімен сол замандағы соттың шешімімен халықтың ұйғарымымен қалың малын қайтып алатын болған.

Егер орнына басқа қыз бермесе. Бірақ енді үйленіп, балалы болып, ерлі-зайыпты болып қойғаннан кейін қайтадан қалың мал талап ету ол бір үлкен көргенсіздік деп ойлаймын. Қазақ тарихында да мәдениетінің аясына сыймайтын нәрсе»,- дейді  Мәдениеттанушы Абылайхан Қалназаров.

Қалың мал — қазақтың төл дәстүрі. Ұлттың жоралғыларына ешқашан жат көзбен қарамау керек. Мұны жоққа шығарғысы келетіндер сүйегіне таңба салумен тең дейді мамандар.

Бөлісу151Твит94
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3186 бөлісу
    Бөлісу 1274 Твит 797
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6252 бөлісу
    Бөлісу 2501 Твит 1563
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1486 бөлісу
    Бөлісу 594 Твит 372
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3331 бөлісу
    Бөлісу 1332 Твит 833
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    899 бөлісу
    Бөлісу 360 Твит 225
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    849 бөлісу
    Бөлісу 340 Твит 212
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1605 бөлісу
    Бөлісу 642 Твит 401
  • Астана қалалық соты Арман Шораевты кінәлі деп үкім оқып, жаза бекітті

    615 бөлісу
    Бөлісу 246 Твит 154
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2050 бөлісу
    Бөлісу 820 Твит 513
  • Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

    457 бөлісу
    Бөлісу 183 Твит 114
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.