Ақтауда әскери қызметкер өзінің 11 жасар қызын қорлады деген күдікке ілінді. Бейресми ақпарат көздеріне сенсек, күдікті -теңіз жаяу әскерінің қызметкері. Ол қызына алты ай бойы сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін көрсеткен. Қазір күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ сайты астана арнасының жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
«Сот әскери қызметшіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды. Айта кетейік, ағымдағы жылдың 25 қарашасында әскери қызметші қызметтік міндеттерін жүйелі түрде орындамағаны үшін теріс себептермен жұмыстан шығарылды»,-делінген Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі жолдаған хатта.