Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

1 шілдеден бастап қазақстандықтардың өмірінде болатын 10 өзгеріс

1 шілдеден бастап қазақстандықтардың өмірінде болатын 10 өзгеріс
ашық дереккөз
Екі-үш күннен кейін елімізде бірқатар өзгеріс болады
1 шілдеден бастап Қазақстанда тұрғындардың өмірін өзгертетін біршама жаңашылдық күшіне енеді. Sputnik Қазақстан тілшісі санаулы күндерден кейін енетін өзгерістерге шолу жасады. Базалық зейнетақыны төлеу тәртібі өзгереді 1 шілдеден бастап базалық зейнетақыны төлеу тәртібі өзгереді. Бұдан былай базалық зейнетақының мөлшері азаматтардың еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына тәуелді болады. Егер бүгінде барлық зейнеткерге базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% мөлшерінде немесе 15 274 теңге төленсе, онда 1 шілдеден бастап оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты артады. Еңбек өтілі 10 жыл немесе одан кем, не мүлдем жоқ азаматтарға базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% шамасында белгіленеді. Яғни 15 274 теңге. Ал егер еңбек өтілі 10 жылдан асса, әр жыл үшін 2 процент үстеме қосылады. Еңбек өтілі 33 жыл немесе одан да көп азаматтарға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100%-ы немесе 28 284 теңге төленеді. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі мен 1998 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі есепке алынады. Биыл республикалық бюджеттен базалық зейнетақыға 530 миллиард теңге қарастырылған. Баспана алу үшін зейнетақы қаржысын пайдалануға бола ма? Ақышев жауап берді>>

Жаңа мемлекеттік жәрдемақы

Биыл Қазақстан президенті халыққа Жолдауында 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізуді тапсырған болатын. Қосымша жәрдемақыны шамамен 14 мың отбасы ай сайын алатын болады. Жәрдемақы көлемі биыл ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,05 мөлшерін немесе 29 699 теңгені құрайды. Бұл мақсатқа осы жылы 2,7 миллиард теңге көзделген. Енді төрт балалы отбасыларға ай сайынғы жәрдемақы берілмейді>

Пациенттердің амбулаторлық картасы жойылады

Қазір республиканың сегіз өңірі ауруханаларда қағазбастылықты жою мақсатында пилотты режимде электронды жүйеге көшкен. 1 шілдеден бастап "қағазсыз аурухана" жобасына бүкіл Қазақстан қосылмақ. "1 шілдеден бастап қалған өңірлер, Алматы мен Астананы қоса алғанда, пациенттердің жазбасын толығымен электронды форматта жүргізеді. Яғни, пилоттық жоба аясында амбулаторлық карталар жойылады", — деген еді  денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев. Айта кетсек, қазіргі таңда Қазақстанда мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін, яғни тегін медициналық көмек көлемін орындайтын 900-ден аса медициналық ұйым бар. Олардың 35%-і – жекеменшік, қалғаны – мемлекеттік.

e-Паспорт пен e-Виза

1 шілдеден бастап Қазақстанда автокөліктердің электронды паспорты енгізіледі. Электронды паспортта темір тұлпардың зауыттан шыққан күнінен бастап, бұзылғаны, тіпті апатқа түскені туралы барлық "өмірбаяны" жазылады. Бұл ақпараттың бұрмалануына жол бермей, мұндай құжаттарды қолдан жасауға тосқауыл болады. Болашақта мінілген көлікті сатып алғысы келген адам арнайы порталдан оның "өмір тарихымен" таныса алады. Мәліметтер Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай базасында сақталады. e-паспортқа көшу ЕАЭО-да құжаттарды рәсімдеу процесін оңтайландырып, бизнестің операциялық шығындарын төмендетпек. "Электронды техпаспортқа кезең-кезеңмен көшеміз. Паспорт ЕАЭО елдерінің барлығына бірдей болады", —деген еді Қазақстан автомобиль бизнесі қауымдастығының өкілдері. Әу баста ЕАЭО-ға мүше елдер көліктердің электронды паспортына 2017 жылдың 1шілдесінде көшпекші болған. Алайда техникалық түйткілдерге байланысты жаңашылдық бір жылға кейінге қалдырылды. Шілденің бірінші күнінен іске қосылатын дүниелердің бірі – электронды виза. Қазақстанға келгісі келетін шетелдік қонақтарға е-визаны алу үшін консулдық бөлімдерге бару міндет емес. Шетел азаматы электронды портал арқылы Қазақстанның көші-қон қызметіне жүгіне алады. Өзінің жеке мәліметтерін, елге келу мақсаты мен болу мерзімін, қаржылық мүмкіндіктерін онлайн көрсетуге мүмкіндік бар.    
 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар