Четверг, 23 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Шымкенттік келін: Күйеуім отбасыда жалғыз ұл болғандықтан 5 әпкесі маған «күйеу» болып алды

29 жастағы келіншек: 5 баланың анасымын, қайын апам балаларымның көзінше мені ұрған кезі болды

23.12.2022
0
Шымкенттік келін: Күйеуім отбасыда жалғыз ұл болғандықтан 5 әпкесі маған «күйеу» болып алды

Гүлназ есімді  5 баланың анасы  тұрмысқа шыққаннан бері күйеуінің әпкелерінен қорлық көретінін жазды. Сөзінше басындағы бұл жағдайды көршілері білгенімен өз ата-анасына тіс жарып айта алмайды екен. Себебін, өз ата-анасы зейнет жасында, алаңдап денсаулықтарына зиян келеді деп түсіндірді.

«Мен 19 жасымда тұрмысқа шықтым. Сарыағаш ауданына қарасты ауылды жерде тұрамыз. Күйеуімнің 5 әпкесі бар. Барлығы да тұрмыста. Бірақ неге екенін білмеймін бізді яғни күйеуім екеуімізді үнемі қадағалап, бақылап отырады. Қартайған  78 жастағы енем бар. Ол кісі басында мені жақсы көретін. Соңғы кездері  жекіп сөйлеп, әр ісімнен қате тауып отыратын болды.

Күйеуім екеуіміз бір- бірімізді сүйіп қосылдық. Артық еш дүниеміз жоқ. Күнкөрісіміз егін шаруашылығы. Бірақ сол 5 қайын апам біздің көктемде қандай егін егетінімізге дейін, сол егіннен түсетін ақшаға не алатынымызды барлығын айтып отырады. Тіпті мен алғашында 4 қызды қатар босандым. Сол үшін де айыпты болдым. Тіпті «Қыз туаберетін қатынды құрт» деп күйеуіме де айтты.

Баланы адам қолдан жасап, дүкеннен алғандай жынысын таңдай алмайтынын қалай түсінбейтіндерін білмеймін. Ауылды жерде бес баламен олар ойлағандай «әдемі, таза, пысық» әйел болып жүру мүмкін емес. Енемнің өзі сөзінен жаңылып, күтім қажет ететін балаға айналды.

Сол кісі қыздарына менің дұрыс күтім жасамайтынымды айтып шағымданыпты. Үлкен қайын әпкем келіп ай-шайға қарамастан үйге келіп, қолына түскен затты лақтырып, мені сыпырғышпен ұрып кетті. Менің осындай қысымда өмір сүретінімді көршілеріміз де біледі. Бірақ өз анама ешқандай үйдегі ұрыс-керісті айтқан емеспін. Тіпті, айтуға қорқамын.

Өйткені олардың өздері зейнет жасында. Қан қысымдары көтеріліп, ауырып қалады ма деп алаңдаймын. Күйеуім болса мені жақсы көретінін айтады. Анасының қартайып қалғанын, қалай болсын оның көңілін табуым керектігін айтады.

Тіпті әпкелерінен мені қорғай да алмайды. Қорғап сөйлемейді де. Себебі үйдің кенжесі, әпкелері не айтса да дұрыс, сөз қайтаруға болмайды деген түсінік бар. Кейде ызам келіп өкіріп жылап аламын. Ауылды жер болғандықтан осында қалған, араласып тұратын келіншектеріміздің барлығында өмірлері менікіне ұқсас.

Бірінің енесі жаман, бірінің қайнысы, бірінің қайын апасы немесе қайын сіңлісі қысым жасап жүреді. Мен тіпті өсіп кележатқан төрт қызымның болашағына алаңдаймын. Келін болу, бүкіл қайын жұртқа жағу қаншалықты қиын, ертеңгі күні бұл қыздарға қандай отбасы кезігер екен деп қорқамын.

Осы қайынжұрттағылар келін дегеннің де көңілі, намысы, орны бар екенін білсе екен деймін. Мен осындай жағдайда бұл отбасындағы әділетсіздікті қалай жеңсем болады? Кім маған ақыл, кеңес айта алады?»,- деп жазыпты 5 баланың анасы.

Бөлісу913Твит571
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6022 бөлісу
    Бөлісу 2409 Твит 1506
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3203 бөлісу
    Бөлісу 1281 Твит 801
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2366 бөлісу
    Бөлісу 946 Твит 592
  • Мадина Садуақасова енесімен қарым-қатынасындағы қиыншылық туралы айтты

    1868 бөлісу
    Бөлісу 747 Твит 467
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2029 бөлісу
    Бөлісу 812 Твит 507
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1405 бөлісу
    Бөлісу 562 Твит 351
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1377 бөлісу
    Бөлісу 551 Твит 344
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1545 бөлісу
    Бөлісу 618 Твит 386
  • Али Оқапов әке болғалы өміріндегі өзгерістер туралы айтты

    1054 бөлісу
    Бөлісу 422 Твит 264
  • Ақтөбе облысына қарасты Қобда ауылында қызыл су басқан үйлер құлап жатыр

    1189 бөлісу
    Бөлісу 476 Твит 297
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.