Нұрлан Мәсімовке қатысты қылмыстық іс сотқа берілді
Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы, генерал-майор Нұрлан Мәсімов, оның орынбасары Дамир Сиразидимов пен кәсіпкер Е.Евковичке қатысты аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу ісі аяқталды, деп хабарлайды KYN.KZ cайты. «Мәсімов пен Сиразидимов Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және аффилиирленген компаниялармен келісімшарттарға қол қою кезінде 90,3 млн теңге сомасында пара алды деп, сондай-ақ әскери ауыр қару-жарақ сатып алуға арналған 420 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталуда», - делінген Антикор хабарламасында. Айта кетейік, Нұрлан Мәсімов ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің немере інісі.