Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Кублей» жұмысшылары: Мерекеге көңіл күй жоқ, жұмыссыз қаламыз ба деп қорқып отырмыз (видео)

«Кублей» жұмысшылары: Мерекеге көңіл күй жоқ, жұмыссыз қаламыз ба деп қорқып отырмыз (видео)
ашық дереккөз
Оралдағы «Кублей» зауыты мен әкімдік арасындағы дауға сот әлі нүкте қойған жоқ. Зауыт жұмысшылары Қазақстан мен шетелге 130 түрлі сапалы  өнім тарататын жұмыс орнынан айырылып қаламыз ба деп алаңдап отыр. 650-ден астам оралдық осы жерде жұмыс істейді. Кей жұмысшылар осы зауытта еңбек еткендеріне 20-30 жыл болды деп отыр. Егер сот шешімімен зауыт жабылар болса, зейнет жасына жақындағанда айлығы жақсы жұмысты қайдан табамыз деген уайымдары басым, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы. «Көпқабатты үйлер тектен-тек салынып жатқан жоқ. Жүз метр әрі салынуы керек үй, шекарамызға кіріп кетіп отыр. 50 метр жақын салынған. Оның бәрі бізге әсер етеді. Жұмысшылар жұмыссыз қаламыз деп қорқудамыз. «Алтын сапа» номинациясы бар, 132 өнімі бар, 30 жылдық тарихы бар зауытымыз жабылса, не боларын білмеймін. Үйге рұқсат берді делік, біз зауыт ішінде құлағымызды бекітіп жұмыс істейміз. Ертең тұрғындар мына дауысқа шыдамай шағымданатын болады», - дейді «Кублей» жұмысшысы Жұпар Нұрғалиева. Бұл проблема зауыттағы әр жұмысшының уайымына айналған. Енді Жаңа жылдың алдында сот үкімді зауыт пайдасына шешсе деген тілектері бар. «Кублей» ЖШС-мен әкімдік арасындағы бұл дау 2 жыл бұрын басталған. Әкімдік тұрғын үй кешенін салуға рұқсат берген, ол үйлер зауыт пен арақашықты сақтамай салынған. Зауыт жеріне 50 метр кіріп кеткен. Енді ЖШС қожайындары «тұрғындар зауыттан шыққан дауыс пен қоқысқа шағымданары анық» деп отыр. Себебі арақашықтық сақталмаған. https://youtu.be/kbw6Y87WxME
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар