Айгүл Орынбек Шыңғыс Мұқанды антикор тексерсе шындық ашылатынын айтты
Экс-шенеунік алдағы айларда "Наурыз тойы" бойынша толық есеп беретінін айтып алып, бірер күн бұрын жұмыстан шығып кеткенін мәлімдеді
Заңгер Айгүл Орынбек Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болған Шыңғыс Мұқанның жұмыстан кетіп қалғанына күдіктене қарады, деп жазды KYN.KZ сайты. Себебі Шыңғыс Мұқан біраз уақыт бұрын баспасөз отырысы кезінде журналистерге "Шымкентте Наурыз тойын тойлау үшін бір тиын қаржы жұмсалған жоқ" деген еді. Бірақ, заңгер сол ақпараттың жалған екенін есіне алып, тіпті сол тойда шашылған 600 миллион теңгенің ізі табылмай есепшілер қамалып кеткенін еске алды. "Наурыз" тойын тойлауға 600 миллионға жуық теңге жұмсалды. Ал Шыңғыс сол кезде "бюджеттен бір тиын жұмсалған жоқ" деп еді. Тіпті осы миллиондар үшін есепшілер қамалып кетті. Ал, Шыңғыс Мұқан сәуір айында жауап берем", деп жүріп, бүгін жұмыстан кеткенін жазыпты. Мемлекеттік қызметте отырып, кітаптарына бюджеттен қанша қаржы бөлдірді екен? Антикор тексергісі келмейді ме? Әлде тыныш кетеберсін бе? Қайта осындайлар өседі. Жолың болсын, Шыңғыс Мұқан! Енді кітаптарыңды ашық сатаберуіңе болады",-деп жазды заңгер Айгүл Орынбек.