Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бұрыңғы сүйіктісі әйелді өртемек болып бензин құйып, өзі жанып кетті

Бұрыңғы сүйіктісі әйелді өртемек болып бензин құйып, өзі жанып кетті
ашық дереккөз
Әйелді кездейсоқ адам өрт арасынан сүйреп шыққан
21 желтоқсан күні бұрыңғы әйелінің жұмысына келіп, оны өртемекші болған экс- күйеудің өзі жанып кетті, деп жазды KYN.KZ  сайты Дина Смаиловаға сілтеме жасап. Әйел дүкенде сатушы болып ұмыс істеген.  Бұрыңғы күйеуі сол жерге келіп ұрыс шығарған. Қаруланып әбден дайындалған ер адам сатып алушылардың бәрін далаға қуып салған. Әйелдің үстіне бензин құйып өртемек болады. Міне осы кезде әйелді өзге тұрғын құтқарып қалады, ал ер адамның өзі жанып кетеді. Алматылық  Бауыржан Әуелбеков жалындаған оттың ортасынан әйелді сүйреп шығып, дәрігерлер қолына тапсырады. Дәрігерлер әйелге жедел түрде қажетті көмек көрсетілгенін айтып отыр. Қазіргі кезде оның басы, беті, қолы мен аяғының саусақтары күйіп қалған. Әйелдің жағдайы бір қалыпты. Күйік деңгейі орташы. Полиция қазір оқиға бойынша қылмыстық іс ашылғанын айты. Айғақ заттар алынып, істі қарау басталып кетіпті. Тура осындай жағдай бір ай бұрын Павлодарда болған еді. Бұрыңғы күйеуі әйелді өртемек болып үйді жандырған. Соңында өзі өртке оранып, ауруханада қайтыс болды. Ал, әйел аман қалған еді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар