Понедельник, 27 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Таразда инфаркт ала тұра жедел жәрдем шақырған әйелге «Массыз ба?» деп дәрігерлер уақытылы келмеген

Жалғыз тұратын әйел телефонда әрең сөйлеген, ауруханаға жеткен сәтте жан тапсырған

27.12.2022
0
Таразда инфаркт ала тұра жедел жәрдем шақырған әйелге «Массыз ба?» деп  дәрігерлер уақытылы келмеген

«Массың» деп, дер уағында келмей қойған. Таразда 46 жастағы әйелдің туыстары оның өліміне жедел жәрдем қызметін айыптайды. Айтуларынша, медицина мамандары хәлі нашарлап көмекке шақырған адамға «ішімдік ішкенсің» деп күдіктеніп, уақтылы келмей қойыпты. «Соның кесірінен жақынымыздан айырылдық» деген ағайын-туыс кінәлілерді қатаң жазалауды сұрап отыр.

Людмила Остапенко үйінде жалғыз тұрған. Екі жыл бұрын оның жүрегіне ота жасалған. Ол сәтті аяқталып, қазір дәрі-дәрмек ішіп жүріпті. Марқұмның жақындары ол өзін жақсы сезінетін дейді. Ал қайғылы жағдай күні 46 жастағы әйел инфаркт алып, жедел жәрдем шақырған. Олар орта есеппен жарты сағатқа кешігіп жеткен.» Соның кесірінен қызымнан айырылдым», — дейді анасы.

«Бір емес, үш мәрте телефон соққан. Сөйлеуге мұршасы болмай жүрегі ауыратынын әзер түсіндіріпті. Ал олар: «Сіз массыз ба?» деп, қайтақайта сұрай берген. Менің қызым өзінің ішімдік ішпегенін түсіндіре алмаған. Содан жедел жәрдем кешігіп жетіп отыр»,- дейді марқұмның анасы Наталья Остапенко.

Марқұмның туыстары бұл шақырту бірінші санатпен есепке алынып, медицина мамандары 15 минутта жетуге тиіс еді дейді. Бірақ олар науқасты «сен массың ба» деп сұрақтың астына алып уақыт өткізіп алған. Бір емес, үш бірдей диспетчер де осы сұрақты қайталай беріпті.

Остапенко Людмила:

— Я дышать не могу уже …

— Алкоголь принимали, да?

— Да нет же, какой алкоголь, я вам говорю, у меня аневризма, отслойка.

— Алло.

— Я не пью! Мне кардиобригаду отправьте!

— Все, ваш вызов принят, ожидайте.

— Да сколько можно, а!

Ирина Шаевскаяның сөзінше, кейін жедел жәрдем көліктері бірінен кейін бірі келе бастаған. Бірақ ешбірі көмек көрсете алмапты. Сөйтіп шұғыл түрде кардиологиялық клиникаға алып кеткен. 46 жастағы әйелдің сол жерде жүрегі тоқтады.

«Хабар түскен уақытта, әр нәрсені сұрай бермей, дереу жетсе, сіңлімді аман алып қалуға болар еді. Біз кінәлілерді қатаң жазаға тартуды талап етеміз. Жауапсыз диспетчерлермен қатар, олардың басшылары да жазасыз қалмауға тиіс. Бұл бәріне сабақ балуы керек»,- дейді Л.Остапенконың әпкесі Ирина Шаевская.

Ал жедел жәрдем станциясының басшылығы бұл жағдайға қатысты тұшымды жауап бере алмады. Тек бірінші қоңырауды қабылдаған диспетчердің қызметінен шеттетілгенін мәлім етті.

«Қоңырау екінші санатпен қабылданған. Өйткені науқастың өзі телефон соғып тұрды. Дегенмен қазір осы іске қатысты қызметтік тесеріс жүріп жатыр. Диспетчердің кінәсі баржоғы соның қорытындысы шыққанда белгілі болады»,- дейді Жамбыл облысы жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Гүлзахира Қызқараева.

Марқұмның жақындары бұл істі жай қалдырмаймыз деп отыр. Олар сот арқылы кінәлілерді жазалаумен қатар, қомақты материалдық шығын өндіруге бекінген. Олар бірауыздан сол қаражатты өзге жүрегі ауыратын жандарға үлестіруді ұйғарыпты.

Бөлісу83Твит52
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3803 бөлісу
    Бөлісу 1521 Твит 951
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1490 бөлісу
    Бөлісу 596 Твит 373
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6318 бөлісу
    Бөлісу 2527 Твит 1580
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    1109 бөлісу
    Бөлісу 444 Твит 277
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    1081 бөлісу
    Бөлісу 432 Твит 270
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3367 бөлісу
    Бөлісу 1347 Твит 842
  • Қазақстанның төрт өңіріне өзен суы арнасынан тасу қаупі төніп тұр

    595 бөлісу
    Бөлісу 238 Твит 149
  • Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

    557 бөлісу
    Бөлісу 223 Твит 139
  • Астана қалалық соты Арман Шораевты кінәлі деп үкім оқып, жаза бекітті

    617 бөлісу
    Бөлісу 247 Твит 154
  • Ақтөбеде әйелі мен қызын пышақтаған мектеп директоры жазықсыз деп танылды

    455 бөлісу
    Бөлісу 182 Твит 114
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.