Иран билігі Алматыда шахматтан әлем чемпионатына хиджапсыз шыққан спортшысынан бас тартты
Иран шахмат федерациясының басшысы: Ол біздің елдің атынан шыққан жоқ, өз есебінен өзі келді
Иран шахмат федерациясының басшысы Хасан Тамини спортшы Сара Хадемнің Иран атынан келмегенін және жарысқа сол елдің атынан шықпағанын айтты. Шенеуніктің сөзінше спортшы Алматыда өтіп жатқан шахматтың репид пен блиц түріне өз қаражатымен және өз бетімен келген, деп жазды KYN.KZ. Бұл мәлімдеме спортшы жарысқа шығып қойғаннан кейін айтылды. Сондай- ақ оған спортшының жалаңбас шыққаны себеп болыпты. "Хадем чемпионатқа өз бетімен және өз есебімен келген. ол Иран атынан шыққан жоқ. Спортшыдан мұндайды күткен жоқпыз. Өйткені ол алдыңғы турнирлерге барлық талаптарды орындай отырып қатысқан еді", - деді Хасан Тамини. Иран балиғат жасына толғаннан бастап әйелдердің орануын заңмен бекіткен. Яғни спортшы өз елінің заңына бағынбағаны үшін қатаң жазаланады деген сөз.