Понедельник, 27 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Көршілері: жоғалып табылған Әнелдің анасы балаларын аяусыз ұрады, қатыгез

Әнел: Мен үйге барғым келмейді. Анам "сені байда алмайды" деп ұрып тастайды

07.01.2023
0
Көршілері: жоғалып табылған  Әнелдің анасы балаларын аяусыз ұрады, қатыгез

Шымкентте жоғалған Әнел есімді  15 жастағы оқушы қыздың жағдайына бүкіл Қазақстан халқы алаңдады. Қыз бала үйінен кетіп қалғаннан кейін бір аптаға жуық уақытта табылды. Ол өзін іздемеулерін сұрап анасына бейтаныс адамның телефонынан смс жазған. Алдын ала бәріне дайындалған оқушы жылы киімдерін киіп, телефонын үйіне тастап кеткен, деп жазды  KYN.KZ  сайты.

Анасы полицияға хабарласып көмек сұраған. Қызы табылмағаннан кейін желіге видео жүктеп, қызынан үйге оралуды сұрайды.

«Үйге келші, Әнел. ешкім саған ұрыспайды. Бәріміз күтіп отырмыз. Қанша нәрсе істесең де кешіріп жүрмін ғой. не істесең де ұрыспаймын, кешірмеймін. Не айтсаң да ұрыспаймын. Мен сияқты бәрібір ешкім саған жаны ашымайды. Әнел, балапаным, үйге келші. Мен сені қатты жақсы көремін. Осыған дейін қанша нәрсе істесең де кешіріп жүрмін ғой. Жұмыс, ұйқы бәрі қалды. Жұмыстан шығарып та жібереді мені. келші»,- деген қыздың анасы.

Ал бір аптаға жуық Шымкент полициясы Әнелді вокзал маңындағы жалдамалы пәтерден тапқан. Оның қасында кәмілет жасына толған екі ер адам болыпты. Қазірге ол жігіттер жайлы ешқандай ақпарат жоқ. Полиция істі қарап жатқандықтан  ол жайлы ашық ақпарат бермеді.

Әнелдің өзі болса табылғаннан кейін үйіне оралғысы келмейтінін айтқан.

«Себебі мен өлгім келді. Пышақталып өлгім келді. Шешем «Бұл дүниеде тірі жүргенше өлгенің жақсы» дейтін. «Сені ешқандай байда алмайды, түріңе де қарамайды» дейтін. Мен үйге барғым келмейді. Не үшін? Өйткені күнде мені ұрады. «Сені байға беріп жіберу керек» дейді. Сол себепті мен үйге барғым келмейді. Барлық нәрсеге мен кінәлі болып қаламын»,-  дейді Әнелдің өзі.

Журналист Гүлмира Әбіқайдан Әнелдің анасы қызын табуға көмек беруін сұраған еді. Журналист бұл жағдайды желіге жариялаған кезде оқырмандары арасынан бұл отбасыны сырттай танитын көршісі қыздың анасының қатыгездігі жайлы ақпарат берген.

«Бұл әйелдің аты Гүлмира болса ол балаларын оңдырмай сабайды. Бұрын квартирада бірге тұрдықү Балалары жасқаншақ. Өмір бақи аналарынан қорқып далада жүретін»,-  деген әйелдің көршісі.

Қыздың анасы үш баласын өзі өсіргенін айтқан. Тұңғышы отбасын тастап бөлек кетіпті. Екінші қызы Әнел де үйінен безініп отыр. Кішкентайы анасының қамқорлығында екен. Ал жалғызбасты әйел болса еден жуып балаларына ас- ауқат, жалдамалы пәтер ақысын тауып тіршілік етеді.

Қазір Шымкент полициясы отбасындағы жағдайды тергеп- тексеру жұмыстарына кірісті. Әнелдің анасы өзі айтқандай қатыгез болса балалар мемлекет қамқорлығына берілуі әбден мүмкін.

Бөлісу22Твит14
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3805 бөлісу
    Бөлісу 1522 Твит 951
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1490 бөлісу
    Бөлісу 596 Твит 373
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6318 бөлісу
    Бөлісу 2527 Твит 1580
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    1110 бөлісу
    Бөлісу 444 Твит 278
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    1082 бөлісу
    Бөлісу 433 Твит 271
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3367 бөлісу
    Бөлісу 1347 Твит 842
  • Қазақстанның төрт өңіріне өзен суы арнасынан тасу қаупі төніп тұр

    596 бөлісу
    Бөлісу 238 Твит 149
  • Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

    558 бөлісу
    Бөлісу 223 Твит 140
  • Астана қалалық соты Арман Шораевты кінәлі деп үкім оқып, жаза бекітті

    617 бөлісу
    Бөлісу 247 Твит 154
  • Ақтөбеде әйелі мен қызын пышақтаған мектеп директоры жазықсыз деп танылды

    455 бөлісу
    Бөлісу 182 Твит 114
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.