Понедельник, 27 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Ақын Серікзат Дүйсенғазы қайтыс болған ұлына жыр арнап көпшілікті жылатты

Серікзат Дүйсенғазы: Сөз таба алмай қор болдым-ау жазарға

08.01.2023
0
Ақын Серікзат Дүйсенғазы қайтыс болған ұлына жыр арнап көпшілікті жылатты

Ақын Серікзат Дүйсенғазы қапыда қайтыс болған ұлына жыр арнап көпшіліктің жүрегін елжіретті. Жазушы жырында қайғылы қазада абдырап қалғанын, ұлына деген әке махаббаты мен тағдырға тән берген пенде екенін жазады.

 

Ей, жүрегім, сабыр, сабыр, сабыр де,
Жасамайын күпіршілік Тәңірге.
Құлынымды қиып бердім, қайтейін,
Қабырғасы қара суық қабірге.

Тура келген не істей алам ажалға?
Сөз таба алмай қор болдым-ау жазарға.
Қаламымнан қара сия төгілді,
Ақ парақтың бетіндегі ғазалға.

Қапелімде ой да келмей орамды,
Тоқтата алмай көзден аққан сорамды.
Қаңтар туа қаңтарылдым баса алмай,
Ішімдегі алай-түлей боранды.

Жылаймын ғой, қайтем енді жыламай,
Тағдыр мені жібермеді сынамай.
Күңіренген шығар бәлкім осылай,
Әбішінен айрылғанда ұлы Абай.

Зор қайғыдан көтере алмай еңсемді,
Көз алдымда аспан мен жер теңселді.
Он алты-ақ жыл ойнақтаған, қарғам-ай,
Сенен де әттең, өтті-ау жалған өлшеулі.

Ғалым болар,  ақын болар деп едім,
Көз тиді ме дара туған бөбегім?
Өң мен түстің арасыңда отырмын,
Түсім қашып түсіне алмай себебін.

Дүниенің өлшей білген парығын,
Адалдықты жүрегіңнен таныдым.
Зау биікте аппақ қардың үстінде,
Заулап келіп жаны үзілген жарығым.

Әулетімнің маңдайдағы бағы едің,
Әкесінен ассам дейтін бала едің.
Арманыңа жетпей кеткен жаныңды,
Тыныштықта әлдилесін ақ өлім.

Ауырлығы қара жердей сынақтың,
Қасіретіне қарсы тұрып шыдаппын.
Құлыншағым шапағатшы болар деп,
Бақшасында сегіз түрлі жұмақтың.

 

Бөлісу56Твит35
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3795 бөлісу
    Бөлісу 1518 Твит 949
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1490 бөлісу
    Бөлісу 596 Твит 373
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6316 бөлісу
    Бөлісу 2526 Твит 1579
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    1104 бөлісу
    Бөлісу 442 Твит 276
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    1079 бөлісу
    Бөлісу 432 Твит 270
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3366 бөлісу
    Бөлісу 1346 Твит 842
  • Қазақстанның төрт өңіріне өзен суы арнасынан тасу қаупі төніп тұр

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Твит 148
  • Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

    557 бөлісу
    Бөлісу 223 Твит 139
  • Астана қалалық соты Арман Шораевты кінәлі деп үкім оқып, жаза бекітті

    617 бөлісу
    Бөлісу 247 Твит 154
  • Ақтөбеде әйелі мен қызын пышақтаған мектеп директоры жазықсыз деп танылды

    454 бөлісу
    Бөлісу 182 Твит 114
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.