Понедельник, 27 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Алдағы уақытта Қазақстанда оқу ақысы тағы қымбаттай түседі

Ақылы оқитын студенттер ақшасының есебінен мұғалімдер айлығы өседі

08.01.2023
0
Алдағы уақытта  Қазақстанда  оқу ақысы тағы қымбаттай түседі

Елімізде алдағы уақытта оқу ақысы тағы қымбаттауы мүмкін. Ғылым және жоғары білім министрлігі университтеттердегі бағаны енді бақылауда ұстамайды. Оқу ақысының құны нарық заңына сәйкес белгіленеді. Есесіне, одан түскен қаражат оқытушылардың жалақысы мен студенттердің стипендиясына жұмсалады, деп хабарлайды KYN.KZ сайты 31 арна жаңалықтарына сілтеме жасай отырып.

Бақ пен бабы келіспей, грантқа түсе алмай қалған студенттерге жаңа мүмкіндіктер қарастырылуда. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, енді гранттар үш түрлі жолмен тағайындалады. Мәселен, «Дарын» гранты жыл сайын 2000 студентке беріледі. Бұл грант түрін Ұлттық Бірыңғай тестілеуден ең жоғарғы балды иемденгендер мен пәндік олимпиадаларда 1-орын алғандар алады.

Ал стандартты гранттар осыған дейін белгіленген тәртіп бойынша әр талапкердің таңдаған мамандығына сәйкес тиесілі болады. Грантқа қолы жеткендердің дені осы стандартты гранттарды иемденеді. Үшінші «Қамқор» гранты ақылы түрде оқуға мүмкіндігі жоқ студенттер үшін қарастырылған.

«Тиісті балл ала алмаған, негізгі грантқа кіре алмаған балаларға қосымша Президенттің тапсырмасы бойынша біз гранттың 50 пайызын беретін боламыз. Қалған 50 пайызын олар өз қаражатына төлейтін болады. Немесе білім кредиттері деген болады, солар арқылы рәсімдеп төлеуге мүмкіншілік болады»,—дейді ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

2024 жылдан бастап жоғарғы оқу орындарында білім алу үшін жылдық өсімі 2-3 пайыз болатын жеңілдетілген несиені енді білімге ынтасы бар әр талапкер рәсімдей алады. Министр Саясат Нұрбектің айтуынша, қаражаттың жетіспеушілігінен білімнен қағылғанша, мұны да бір мүмкіндік ретінде қарастырған жөн.

«1-2 пайызбен студенттерге оқу үшін несие беруді көздеп отырмыз. Студент орта есеппен университетте 4 жыл оқиды десек, одан кейін 3 жыл тәжірибе алып, жұмысқа сіңісіп кетуіне мүмкіндік жасалады. Осы уақыт ішінде несие алушы мемлекетке берешегін төлемейді. Несие алған мерзімнен бастап 7 жыл өткеннен кейін ғана кредитті төлеу міндеттеледі»,— дейді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Десе де, халық несие беріле бастағаннан бастап онсыз да құны аспандап тұрған жоғарғы білім ордаларындағы оқу ақысы қымбаттап кете ме деп алаңдайды. Министрлік өкілдері де бүгін журналистерге Жоғарғы оқу орындарының ақысын толық қадағалай алмаймыз деп отыр. Себебі былтыр инфляция 14 пайыздық межеден асып жығылғандықтан, университтер де ақыны біртіндеп көтеруге мәжбүр.

Бөлісу60Твит37
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3799 бөлісу
    Бөлісу 1520 Твит 950
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1490 бөлісу
    Бөлісу 596 Твит 373
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6317 бөлісу
    Бөлісу 2527 Твит 1579
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    1107 бөлісу
    Бөлісу 443 Твит 277
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    1080 бөлісу
    Бөлісу 432 Твит 270
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3366 бөлісу
    Бөлісу 1346 Твит 842
  • Қазақстанның төрт өңіріне өзен суы арнасынан тасу қаупі төніп тұр

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Твит 149
  • Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

    557 бөлісу
    Бөлісу 223 Твит 139
  • Астана қалалық соты Арман Шораевты кінәлі деп үкім оқып, жаза бекітті

    617 бөлісу
    Бөлісу 247 Твит 154
  • Ақтөбеде әйелі мен қызын пышақтаған мектеп директоры жазықсыз деп танылды

    454 бөлісу
    Бөлісу 182 Твит 114
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.