Басты жаңалықтар

Ақтөбеде 4 жасар баланы өз әкесі айуандықпен өлтірген

Ақтөбеде 4 жасар баласын (баланың есімі: Данила Ахунов) өлімге қиған әке қазақстандықтарды шошытты

Баланың өліміне әкесі күдікті деп танылды. Ол қылмысты өзі жасағанын мойындап, ұлының денесін көрсетті, деп хабарлайды KYN.kz ақпарат агенттігі. Алдымен 40 жастағы үшемнің әкесі Артур Ахунов өз ұлын үйдің кіреберісіне алдап тастап кеткен. Баланы күннің суығында далаға әдейі тастаған қатыгез әке осыдан кейін үштүгейлі жоғалып кеткенін мойындап отыр. Баланың жоғалғанын естіген жұрт жаппай оны іздеуге кіріскен. Араға уақыт салып ер адам полицияға ұлын өз қолымен өлтіргенін мойындады. Қатыгез әкенің қолында тағы екі баласы болған. Қазір ол екі бүлдіршін балаларды қолдау орталығына орнадастырылды. Соттың шешімі бойынша, Ахунов екі айға қамауға алынды. Қазір ол тергеу изоляторында. Қатыгез әке 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы, немесе өмір бойына түрмеге тоғытылуы мүмкін.