Суббота, 25 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Прокурор Шерниязов пен Төребаевтың қалай қылмыстық топ мүшесіне қосылып кеткенін айтты

Алматы соты блогерлердің ісін қарап жатыр

09.01.2023
0
Прокурор Шерниязов пен  Төребаевтың қалай қылмыстық топ мүшесіне қосылып кеткенін айтты

фото:azattyq ryhy

Алматыда Astex және Mudarabah Capital қаржылық пирамидасының ісі бойынша сот отырысы жалғасты. Басты күдікті блогерлер  Әзімхан Саидбаев, Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязовтардың осы қылмыстық топта жасаған қызметтерін сот жіті қарап жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ сайты.

Сот отырысында прокурор айыптау актісін оқыды. Онда ең алдымен Astex қаржылық пирамидасы құрылғаны айтылады.

«Құрманғалиев өзінің туысы Мансұровтың көмегімен қылмыс жоспарын құрған. Осылайша олар ұйымдасқан топ ретінде қаржылық пирамида тізбегін жетілдіреді. Алдымен «Astex» ЖШС тіркейді. Құрманғалиев салымшыларына уәде еткен 240 пайыздық үстемені төлей алмайтынын түсінгеннен кейін жаңа адамдарды іздейді. Салымшы санын арттыруды көздейді»,— деді прокурор.

Арада бірнеше ай өткеннен кейін олар өз ісін кеңейту үшін танымал адамдарды тарта бастайды. Осылайша халықтың сенімін арттыру үшін бұл іске Руслан Бұрқанов, ӘЗімжан Саидбаев пен Мейірхан Шерниязов қосылады.

«Олар бұл ұсыныстың заңсыздығын түсінсе де өз келісімдерін берген. Осылайша жаңадан «Mudarabah Capital» ЖШС-ін тіркейді. Ал жарғылық капиталға қатысу үлестерін пропорционалды түрде бөледі. Компанияның негізгі мақсаты салымшылардың ақшасын тарту құралы ретінде пайдалану. «Mudarabah Capital» мен «Astex» арасында келісім жасалды. Оған сәйкес бірінші клиенттерді іздеуге, «Astex» атынан келісім жасауға, келісімнен кейін кеңес беруге және басқа да заңды операцияларды жүзеге асыруға міндеттенді. Аталған келісім «Mudarabah Capital»-дың Astex компаниясының құрылымдық бөлімшесі болғанын көрсетеді», — деді мемлекеттік айыптаушы.

Сонымен қатар, прокурор Руслан Бұрқановтың «Mudarabah Capital» компаниясының директоры болып тағайындалғанын және құрылтайшылар құрамына кіретінін де айтты. Ал Саидбаев пен Шерниязов әлеуметтік желіде жарнама жасап, жаңадан адамдар тартуы тиіс болды.

«2020 жылдың қыркүйек айында жоғарыда аты аталған азаматтар қаржы пирамидасын халық арасында кеңінен насихаттау үшін 1 миллионнан астам жазылушысы бар Төребаевқа жолығады. Әрі жақсы сыйақы беруге ұсыныс айтады. Мейіржан бұл істің заңсыздығын түсінсе де келісімін берген. Алда-жалда компания құрдымға кетсе қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кететініне сенімді болған. Осылайша қылмыстық топ құрамына қосылады. . Ол салымшыларға пайыз төлеу мүмкін емесін, заңсыз қаржы пирамидасы екенін түсініп, жұмыстың кірістілігін бағалап, салымшылардың қаражатынан айырылатынын білсе де өз жұмысын бастады», — деді прокурор.

Мемлекеттік айыптаушы сөзіне сүйенсек, Төребаев әлеуметтік желі арқылы қаржы пирамидасын жарнамалап, мейлінше халық қатарын көбейтуі тиіс болды. Сонымен қатар, құрылтайшылардың тергеу бойынша 11-11,5 пайыздық жарна алып отырғанын да анықтады.

Дереккөзі: exk.kz

Бөлісу78Твит49
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6246 бөлісу
    Бөлісу 2498 Твит 1562
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3110 бөлісу
    Бөлісу 1244 Твит 778
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3327 бөлісу
    Бөлісу 1331 Твит 832
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1486 бөлісу
    Бөлісу 594 Твит 372
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1600 бөлісу
    Бөлісу 640 Твит 400
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2049 бөлісу
    Бөлісу 820 Твит 512
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    877 бөлісу
    Бөлісу 351 Твит 219
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    820 бөлісу
    Бөлісу 328 Твит 205
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2412 бөлісу
    Бөлісу 965 Твит 603
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1561 бөлісу
    Бөлісу 624 Твит 390
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.