Гордон: Украинаға алғыс айтыңыздар, біз болмасақ Ресей Қазақстанды басып алар еді
Дмитрий Гордон Путиннің Кеңес Одағын қайтарғысы келетін мақсатының жүзеге аспай жатқанын айтты
Украиналық белгілі журналист Дмитрий Гордон ютуб арнасындағы тікелей эфирде өзіне қойылған сұраққа ашық жауап берді. Оның сөзінше Путин Қазақстанға соғыс ашып әуре болмай-ақ, басып кіріп өз еліне қосып алуға ниетті еді. Бірақ, Украинаға арналған жоспары жүзеге аспай қалғандықтан, тура қазір абдырап отыр екен, деп хабарлайды KYN.KZ. тікелей эфир кезінде журналистке бір көрермені "Қазақстан мен Ресей арасында соғыс болуы мүмкін бе?" деген сұрақ қойды. "Ресей Қазақстанға соғыс ашып әуре болмайтын еді. Оған құлқы да жоқ. олар бірден басып кіріп, тырп еткізбей өз құрамына қосып алар еді. Бірақ, тура қазір ондайға шамасы жоқ. екі елмен қатар "алысуға" күші, қауқары жоқ. Украина оларды әбден есеңгіретіп тастады. Путин кемі Беларусь, Украина, Қазақстанды өз құрамына қосқысы келеді. Мүмкіндік болса, Өзбекстан, Тәжікстанға, Грузия, Әзірбайжанға дейін көз салып отыр. Оның ойынша осы елдердің барлығы Кеңес одағы мүшелері, арманы біріктіріп тарихта есімін ерекше етіп қалдыру. Барлық бұрыңғы кеңес одағының елдері Украинаға алғыс айтуы керек. Біз Ресейге осылай төтеп бермегенде, олар өз жоспарлары бойынша сіздерге қарай бет алатын еді",-деді журналист.