Түркіменстанда қасын бояп, кірпік жалғаған әйелдерді полиция көшеден ұстап жазалауда
Боянбайтын әуесеріктер қалмағандықтан ұшақ рейстері тоқтап жатыр
Түркіменстандағы әйелдерге қатысты қатаң заңның кесірінен әуесеріктер мен пойыздағы жолсеріктердің жартысынан көбі жұмыстан қуылған. Олардың ішінде қасын бояп, кірпік жалғағаны үшін енді ешқандай жерде жұмыс істеуіне мүмкіндік берілмейтіндері де бар, деп жазды KYN.KZ. Бұл заңды елдің жаңа президенті Сердар Бердімухамедов қабылдаған еді. Енді елде полиция жаппай әйел затын аңдуға кіріскен. Жаңа президенттің бұл заңына бүтін мемлекеттің айнасына айналған стюардессаларды айналып өтпеді. Жасанды көкірек, беттегі ботекс, ісірілген ерін, жалғанған кірпік барлығын енді полиция аңдып жүр. Тіпті елде далап жағып, қасты бояуға болмайды. Тәртіп бойынша полиция мен жұмыс беруші алдын ала өз қызметкеріне ескерту жасайды. Ескерту ескерілмеген жағдайда әйел заты еш жерге жұмысқа алынбайтында болып қуылады. Олардың ішінде теміржолдағы жолсеріктер де бар. Мектеп, кітапхана барлық орында боянбайтын, табиғи жүзбен жүретін әйелдерге жұмыс беріледі. Тіпті жоғары сынып оқушылары үшін аналары қол хат беріп, олардың бояу қолданбауын қадағалайтындарын жазған. Ол заңға бағынбаған жағдайда оқушы қыздар да мектептен шығарылып, "үй қамаққа" жіберіледі. Қазір Түркіменстан әуе компаниясында кей рейстер тоқтатылған. Өйткені жолаушыларға қызмет көрсететін адам жоқ. Бағыты бойынша жолға шыққан ұшақтардың өзінде бір ған әрі кеткен жағдайда екі әуесерік бар.