Басты жаңалықтар
Бас прокурор: Қанды қаңтарда Мәсімов ҰҚК қызметкерлеріне жұмыс орнын тастап кетуді бұйырған
- автор kyn.kz
- 9 қаңтар, 2023
- 239
Мәсімовтің бұйрығынан кейін Алматы мен Талдықорған екі тәулікке қарулы қарақшылар билігінде болды
Мәжілісте Қанды қаңтардағы тергеу қорытындысы шығарылды. Бас прокурор әдеттегідей барлық тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылардың атын атамады. Бірақ, оның айтуынша, істің бас фигуранты-ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов. Оның айтуынша, Мәсімов Алматы және Қызылорда облысы ҰҚКД қызметкерлеріне өз ғимараттарын тастап кетуді бұйырған.
Тәртіпсіздіктер белең алған тұста Алматы қаласы, Жамбыл, Алматы және Қызылорда облыстары ҰҚК департаменттерінің барлық дерлік жеке құрамы өз ғимараттарын тастап кетті.
- Мәсімовтің бұйрығымен Алматы және Қызылорда облысы ҰҚКД қызметкерлері өз ғимараттарын тастап кетті. Ашық айтайын, бұл басшылар әлсіздік танытты. Бұл жеке құрамның әрекетіне де әсер еткен. Нәтижесінде тәртіпсіздіктердің жолын кесу бойынша уақтылы шаралар қабылданған жоқ. Соңында Алматы мен Талдықорған екі тәулікке қарулы қарақшылар билігінде болды. Олардың қолына тұтас арсенал – үш мыңға жуық автомат, тапанша, мергендік мылтық және ондаған мың оқ-дәрі түсті, – деді мәжілісте ҚР Бас прокуроры Берік Асылов.
Яғни, осы басшылардың кінәсінен ең қауіпті қарулар бүлікшілердің қолында болды. Екі мыңға жуық қару әлі табылған жоқ.
ҰҚК-нің 3 өңірлік департаментінің, Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшыларына және басқа да адамдарға қатысты қылмыстық істер сотқа жолданды.
Қазір сот жүріп жатыр.
Бас прокурор Берік Асылов қаңтардағы тәртіпсіздіктердің негізгі ұйымдастырушыларын атады.
ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасары Садықұлов сотқа берілді. Оларға:
- мемлекетке опаздық жасағаны үшін;
- билікті күшпен басып алуға бағытталған әрекеттер;
- лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану айыптары тағылды.
- билікті күшпен басып алуға бағытталған әрекеттер;
- лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану күдігіне ілінген.