Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Бас прокурор: Қанды қаңтарда Мәсімов ҰҚК қызметкерлеріне жұмыс орнын тастап кетуді бұйырған

Мәсімовтің бұйрығынан кейін Алматы мен Талдықорған екі тәулікке қарулы қарақшылар билігінде болды

09.01.2023
0
Бас прокурор:  Қанды қаңтарда Мәсімов ҰҚК қызметкерлеріне жұмыс орнын тастап кетуді бұйырған

Мәжілісте Қанды қаңтардағы тергеу қорытындысы шығарылды. Бас прокурор әдеттегідей барлық тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылардың атын атамады. Бірақ, оның айтуынша, істің бас фигуранты-ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов.

Оның айтуынша, Мәсімов Алматы және Қызылорда облысы ҰҚКД қызметкерлеріне өз ғимараттарын тастап кетуді бұйырған.

Тәртіпсіздіктер белең алған тұста Алматы қаласы, Жамбыл, Алматы және Қызылорда облыстары ҰҚК департаменттерінің барлық дерлік жеке құрамы өз ғимараттарын тастап кетті.

— Мәсімовтің бұйрығымен Алматы және Қызылорда облысы ҰҚКД қызметкерлері өз ғимараттарын тастап кетті. Ашық айтайын, бұл басшылар әлсіздік танытты. Бұл жеке құрамның әрекетіне де әсер еткен. Нәтижесінде тәртіпсіздіктердің жолын кесу бойынша уақтылы шаралар қабылданған жоқ. Соңында Алматы мен Талдықорған екі тәулікке қарулы қарақшылар билігінде болды. Олардың қолына тұтас арсенал – үш мыңға жуық автомат, тапанша, мергендік мылтық және ондаған мың оқ-дәрі түсті, – деді мәжілісте ҚР Бас прокуроры Берік Асылов.

Яғни, осы басшылардың кінәсінен ең қауіпті қарулар бүлікшілердің қолында болды. Екі мыңға жуық қару әлі табылған жоқ.

ҰҚК-нің 3 өңірлік департаментінің, Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшыларына және басқа да адамдарға қатысты қылмыстық істер сотқа жолданды.

Қазір сот жүріп жатыр.

Бас прокурор Берік Асылов қаңтардағы тәртіпсіздіктердің негізгі ұйымдастырушыларын атады.

ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасары Садықұлов сотқа берілді. Оларға:

  • мемлекетке опаздық жасағаны үшін;
  • билікті күшпен басып алуға бағытталған әрекеттер;
  • лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану айыптары тағылды.

Бұрынғы орынбасары Ерғожин:

  • билікті күшпен басып алуға бағытталған әрекеттер;
  • лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану күдігіне ілінген.

Жамбыл облысы ПД бұрынғы бастығына қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды. Ол өзін-өзі атып өлтірді.

Бас прокурор Берік Асылов 2021 жылы Қазақстан аумағында елдегі билікті басып алу үшін радикалды шараларды орындаушыларды жасырын даярлау жүргенін айтты.

Әскери сотта бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың ісі бойынша тыңдаулар жалғасып жатыр. Тергеу төтенше жағдай кезінде оны заңсыз бұйрықтар беріп, әскери стратегиялық нысандарды қорғаусыз қалдырды деп санайды.

Тергеушілер Қазақстандағы қаңтар оқиғаларын ұйымдастырушыларды анықтады. 5 қаңтарда оқиғаға бір жыл толғанда мәжілісте тергеу қорытындысы шығарылды. Отырыс тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқандарды еске алу үшін бір минут үнсіздікпен басталды.

Қаңтар айындағы тәртіпсіздік салдарынан бүкіл ел бойынша 42 мемлекеттік ғимарат зардап шекті. Оларды қалпына келтіруге 31,1 млрд теңге бөлінді.

Дереккөзі: Orda.kz

Бөлісу5Твит3
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3853 бөлісу
    Бөлісу 1541 Твит 963
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4835 бөлісу
    Бөлісу 1934 Твит 1209
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2121 бөлісу
    Бөлісу 848 Твит 530
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1685 бөлісу
    Бөлісу 674 Твит 421
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1590 бөлісу
    Бөлісу 636 Твит 398
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1476 бөлісу
    Бөлісу 590 Твит 369
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2118 бөлісу
    Бөлісу 847 Твит 530
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1438 бөлісу
    Бөлісу 575 Твит 360
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1283 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1111 бөлісу
    Бөлісу 444 Твит 278
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.