Айдарбекова ұлы Заңғардың ажырасып кеткені туралы сынға өз жауабын айтты
Жақында ғана үйленген жастар бірнеше ай бірге тұрып ажырасып кеткен
Халық аузында жүрген танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келінінің қазіргі қарым-қатынасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ сайты. Гүлзира Айдарбекованың сөзінше, ол балаларының отбасына араласпайды. "Керек кезде кеңесімді айтамын. Ұрысатын кезде ұрысамын. Тоқтататын кезде тоқтатамын. Бірақ олардың отбасында болып жатқан мәселелерді сыртқа айтпаймын. Олар - ересек азаматтар. Өздеріне хабарлассаңыздар, өздері жауап береді. Ал жалпы өзім келінімді де жақсы көремін. Ешқайсысын бөліп-жармаймын, мен үшін үшеуінің де орны бөлек", - дейді ол. Сондай-ақ продюсер үлкен келінінің жаңа туындысына қатысты да өз ойын бөлісті. "Баласы атқа мінсе, анасы тақымын қысады" деген керемет сөз бар ғой. Бұл Жұлдыздың үлкен арманы екенін білемін. Осы арманын іске асыру үшін қанша еңбек еткенін де көрдім. Сондықтан, келінім үшін үнемі тілекші болып жүрдім. Менің қолдауым - аналық батамды беріп, дұғасын тілеп жүргенім деп білемін", - дейді ол. Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекованың кенже ұлы Заңғар Нұртас былтыр көктемде отбасын құрған болатын.