Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тұрсынбек Қабатов “Хабар” агенттігінің креативті продюсері қызметіне тағайындалды

Тұрсынбек Қабатов “Хабар” агенттігінің креативті продюсері қызметіне тағайындалды
ашық дереккөз
Қабатовтың жаңа қызметке келуіне қатысты көпшілік "дұрыс" және "бұл халықты алдаусырату" деп сөз таластырды
Берік Уәли Қабатовты өзі қызмет ететін агенттікке жаңа қызметке тағайындағанын мәлімдеді  деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. Бұл туралы Берік Уәли ресми Facebook парақшасына жариялады. Айтуынша, Тұрсынбек Қабатов әдемі қалжыңы арқылы қоғамдағы түйткілді мәселелерді қозғап, әрдайым халықтың көкейінде жүрген сұрақтарды әдемі жеткізеді. “Тұрсынбек Аманғалиұлы жаңа қызметінде көрерменнің көзайымына айналатын тың, қызықты жобаларды әзірлеумен және үйлестірумен айналысады”, - деді Берік Уәли. Қабатов бұған дейін 31  арнада дәл осындай қызметте болған еді. Ол жерде нендей жұмысты қалай істегені белгісіз. Бірақ, шоумен қазір мемлекеттік арнаға ауысты. Өз карерасын тойдағы асабалық пен  КВН сахнасынан бастаған әртіс енді мемлекеттік арнаның көңілді бағдарламаларына бағыт-бағдар береді. Көпшілік осыған байланысты желіде екі топқа бөлініп айтысты десек те болады. Бір тарап, Қабатовтың әзілдері шынайы, мемлекеттік арна арқылы әзілі жарасқан бағдарламалар көрсетілетін болды дейді. Енді бір топ, "Хабар" арнасы елдегі маңызды проблемаларды Тұрсынбектің әзілімен бүркемек деген пікірде. Яғни, мемлекеттік арна эфирі жеңіл әзілге толады дейді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар