Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Елбасы туралы заңның күшін жою мәселесі: мәжілісте бірлескен комиссия құрылды

Елбасы туралы заңның күшін жою мәселесі: мәжілісте бірлескен комиссия құрылды
ашық дереккөз
Конституциялық сот "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" заң күшін жойды деп тануға шешім шығарды
Мәжілісте "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" конститутциялық заңның күшін жою бойынша бірлескен комиссия құрылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. Төменгі палатаның бүгінгі отырысында бірлескен комиссияға бірнеше депутатты енгізуге ұсыныс жасалды.
"Парламент регламентінің 32-5-тармағына сәйкес, "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы" Конституциялық заң жобасы бойынша бірлескен комиссияның құрамына мәжілістен келесі депутаттарды ұсынамыз: Берік Бекжанов, Серік Ерубаев пен Ерлан Смайылов", - деді мәжілісмен Арман Қожахметов.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар