Суббота, 25 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Серікзат Дүйсенғазы қайтыс болған баласының өліміне себепшілер мен кінәлілер барын айтты

Ақын: 1,5 сағат бойы баланы таудан төмен түсірмеді, бізге көрсетпеді. Алғашқы медициналық көмек те болмады

11.01.2023
0
Серікзат Дүйсенғазы қайтыс болған баласының өліміне себепшілер мен кінәлілер барын айтты

Жақында ақын Серікзат Дүйсенғазы жалғыз ұлы Әлиханнан қапыда көз жазып қалған еді. Ауыр қайғыдан соң есін енді жинаған ақын  баласының өліміне қатысты бар  шындықты жайып салды, деп хабарлайды KYN.KZ.

«Күтпеген оқыс жағдайдан есті енді ғана жиып отырған жайым бар. Мұндай ауыр сынақты Алла ешкімнің басына бермесін. Қайғырғанға басу айтып, қамыққанға ақыл айтып жүрген адам болсам да жүрекке жазылмас сызат түсті. Енді оның емі тек Алланың тура жолы, Исламның иман байлығы ғана болар «,- дейді ақын.

Бірақ, Серікзат Дүйсенғазы баласы шаңғыдан оқыс жағдайда опат болса да кейбір тұстары әлі күңгірттеу болып тұрғанын айтады.

«Ол шаңғыны өте жақсы тебетін. Ағашқа қандай жағдайда соғылғаны беймәлім. Сол соңғы рет тауға көтеріліп бара жатқанын анасы түсірген видео бар. Ары қарай не болғанын біз білмейміз»,- деп ақын бұл оқиғаға күдікпен қарайтынын айтты.

Ақын «Елікті» шаңғы базасының қызметкерлері бір жарым сағаттай құлаған баланы таудан төменге түсірмей, алғашқы медициналық көмек көрсетпей ​ тығып ұстады деп, оқиға орнынан куәгерлер іздеп жатқанын айтты.

«Себебі, шаңғы базасында ешқандай техникалық қауіпсіздік сақталмаған. Мыңдаған адам сырғанап жатқан жерде алғашқы көмек көрсететін дәрігерлері де жоқ. Ол былай тұрсын, баласын жоғалтып шырылдаған ата-анаға ешкім жауап бермей, бір-біріне сілтегенін қалай түсінеміз?», — деді айтыскер ақын.

Ақын Серікзат Дүйсенғазы «Елікті»  ештеңе болмағандай әлі жұмыс істеп тұрған көрінеді, біздің елде адамның құны жоқ екені, ешкім ештеңеге жауапты емес екені осыдан-ақ білінбей ме? Сондықтан біздің мемлекеттік органдар осындай демалыс орындарының техникалық қауіпсіздігін тексеру керек деп өз ойын жеткізді.

 

Бөлісу690Твит431
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6247 бөлісу
    Бөлісу 2499 Твит 1562
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3129 бөлісу
    Бөлісу 1252 Твит 782
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3328 бөлісу
    Бөлісу 1331 Твит 832
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1486 бөлісу
    Бөлісу 594 Твит 372
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1601 бөлісу
    Бөлісу 640 Твит 400
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2049 бөлісу
    Бөлісу 820 Твит 512
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    882 бөлісу
    Бөлісу 353 Твит 221
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    829 бөлісу
    Бөлісу 332 Твит 207
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2413 бөлісу
    Бөлісу 965 Твит 603
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1561 бөлісу
    Бөлісу 624 Твит 390
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.