Басты жаңалықтар

Илья Ильин астаналық танымал кәсіпкерге үйленді (фото)

Татьяна Гордиенко бірнеше кәсіптің басын біріктіріп, мықты басқарып отырған басшы

Қазақстанның атын әлемге танытқан ауыр атлет Илья Ильин екінші рет үйленді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. Той  Астана қаласында өткен. Неке қию рәсіміне кәсіпкер мен спортшының ең жақын достары келген. Неке қию рәсімінен кейін қос ғашық достарының ортасында  қуанышты жағдайды атап өтті. Илья Ильинді бүкіл Қазақстан халқы таниды. Ал қалыңдық  Татьяна Гордиенконың кім екеніне көпшілік аса қызығушылық танытуда. Илья Ильиннің қазіргі сүйіктісі Астана қаласындағы ірі спорт кешендері мен сұлулыққа қатысты бірнеше дүкеннің қожайыны. Ол желіде де аса танымал емес. Бірақ өз саласының сыйлы ханымы. Той туралы ақпаратты спортшы өз парақшасында жүктемеген. Ал қалыңдық болса жұлдыз күйеуін жасырған кейіп танытып, суреттерде  Ильяны жартылай ғана көрсеткен. Айтакетсек, Ильяның алғашқы некесінен 13 жасар қызы бар.