Четверг, 23 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қостанай облысындағы Шукуровтар отбасы 36 бала асырап отыр

13.01.2023
0
Қостанай облысындағы Шукуровтар отбасы 36 бала асырап отыр

Балалы үй — базар. Қостанай облысында бір отбасында 36 бала тәрбиеленіп жатыр. Ерлі –зайыпты Шукуровтар соңғы бес жылда балалар үйінен 33 бүлдіршін асырап алған. Көп балалы шаңырақтың тыныс-тіршілігін тілшіміз Заңғар Санай жеткізеді.

Қалалық білім бөлімі келтірген ақпарға жүгінсек Лисаков тұрғындары 80 бала асырап алған. Соның 33-і осы Шукуровтар отбасында тұрып жатыр.

Рустам Шукуров пен Муззама Мансурова көпбалалы отбасында өскен. Өздері де балының көп болуын армандапты. Алты сәбиінің үшеуі шетінеп кеткен соң, балалар үйіне барып 7 бала асырап алған. Кейін тағы 26 сәбиді бауырға басқан.

«Жасыратыны жоқ. Басында сәл қиналдық.Тәжірибе болмады. Кейін ақырындап үйреніп алдық. Құдай қаласа тағы бала асырап алғымыз келеді. Енді 20 бала бағуға қарсы емеспіз»,- дейді Лисаков қаласының тұрғыны Рустам Шукуров.

Татар, орыс, украин, қазақ, сыған балалары тату-тәтті бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатыр. Үйдің үлкендері іні-қарындастарына қарайласып, үй тапсырмасын орындауға көмектеседі. Өкпелетсе өштеспейді. Дереу татуласады. Берекелі ұядан түлеп ұшқандар да бауырлары мен ата-анасына жиі келіп тұрады.

«Бір-бірімізді түсінеміз. Ренжісіп қалсақ та тез татуласамыз. Көмектемесіз. Ата-анамыз өте жақсы кісілер. Жиі отбасылық жиын, мерекелік шаралар ұйымдастырып тұрады. Кәдімгі өз үйімізде жүргендей алаңсыз өмір сүріп жатырмыз»,- дейді Студент Квдокия Номоконова.

«Осы отбасы маған қатты ұнайды. Бауырларымның бәрі жақсы. Ата-анам тіпті керемет жандар. Қалаған тамағымызды жейміз. Ұйқымызды қандырамыз. Ойынды да қатырамыз»,- дейді оқушы Володя Кравченко.

Шукуровтардың баспанасы 500 шаршы метрден асады. Алдағы уақытта бірнеше үлкен үй салуды жоспарлап отыр. Көпбалалы шаңырақтың шағын шаруашылығы бар. Бау-бақшада өсірілген өз өнімдерін тұтынады. Күн сайын отбасыға 30 бөлке нан керек. Балалардың қарны тоқ. Киімі көк. Ешкімге қол жайып көмек сұраған емес.Тіпті «Мектепке жол» акциясынан да бас тартып келеді ,- дейді білім бөлімінің мамандары.

«23 баласы мектепте оқиды. Тағы төртеуі студент. Біреуі университетте, үшеуі колледжде оқып жатыр. Бұл отбасы балалардың оқуына ерекше көңіл бөледі»,- дейді Қалалық білім бөлімінің бас маманы Вера Соколова.

Мейірімді Музамма мен қайырымды Рустам тәрбиелеген 8 студент қазір әр қалада білім алып жүр. Ата-анасы оларға баспана жалдауға ақша беріп, азық-түлікпен көмектесіп отырады. Ал үйдің кенжесі Азиза алты жаста. Ол берекелі отбасыға 11 айлығында келген.

дереккөзі: Астана арнасы

Бөлісу256Твит160
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6021 бөлісу
    Бөлісу 2408 Твит 1505
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3203 бөлісу
    Бөлісу 1281 Твит 801
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2366 бөлісу
    Бөлісу 946 Твит 592
  • Мадина Садуақасова енесімен қарым-қатынасындағы қиыншылық туралы айтты

    1868 бөлісу
    Бөлісу 747 Твит 467
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2029 бөлісу
    Бөлісу 812 Твит 507
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1405 бөлісу
    Бөлісу 562 Твит 351
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1376 бөлісу
    Бөлісу 550 Твит 344
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1545 бөлісу
    Бөлісу 618 Твит 386
  • Али Оқапов әке болғалы өміріндегі өзгерістер туралы айтты

    1054 бөлісу
    Бөлісу 422 Твит 264
  • Ақтөбе облысына қарасты Қобда ауылында қызыл су басқан үйлер құлап жатыр

    1189 бөлісу
    Бөлісу 476 Твит 297
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.