Четверг, 23 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Екі қазақ баласы жоғалып, бір қыз құлдықта болған «Алтын үшбұрыш» дегеніміз не?

Шетелге барып ақшаға қарық болам деп ойлағандар "Алтын үшбұрыш" жайлы біліп алған артық болмайды

14.01.2023
0
Екі қазақ баласы жоғалып, бір қыз құлдықта болған «Алтын үшбұрыш» дегеніміз не?

Дубайға жұмыс істеуге кетіп, 27 желтоқсаннан бері байланысқа шықпаған Исламбек Қазбеков пен тараздық Жарас есімді жігіт қазір іздестіріліп жатыр. Белгілі болғандай, олар Таиланд арқылы «Алтын үшбұрыш» деп аталатын шекаралас аймаққа кіріп, содан хабарсыз қалған. Осы орайда, KYN.KZ шырғалаңы көп жұмбақ мекен туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынады.

«Алтын үшбұрыш» – Таиланд, Мьянма мен Лоастың таулы аймағында орналасқан географиялық аумақ. Мұнда апиын өндірісі мен адам саудасы қызып тұр және көптеген қылмыстық топтар шоғырланған.
Естеріңізде болса, өткен жылдың соңында қызылордалық Анель Бермағанбет есімді бойжеткен тап осы «Алтын үшбұрышта» еңбек құлдығына түсіп, Қазақстан мен шетелдік құзырлы органдарының араласуы арқылы елге аман-есен қайтарылған еді. Көп ұзамай, аталған қауіпті аймақта тағы екі қазақ баласы із-түзсіз жоғалып кетті.

Анель кейін отандық арнаға сұхбат беріп, аталған мекенде адам саудасы қызып тұрғанын да айтты. Себебі, адамдарды сатумен айналысатын келіншек оған хабарласып, мәселені ушықтырмауды сұраған. Анельдің айтуынша, аталған мекенде адам 3 мың долларға сатылып кетеді.

«Алтын үшбұрыш» орналасқан Мьянма елі апиын өндірісі бойынша Ауғанстаннан кейінгі екінші орында тұр. Аталған елде әлем бойынша апиынның 25 пайызы шығарылады.

Сондай-ақ, қазіргі таңда «Алтын үшбұрышта» заңсыз синтетикалық метафетамин саудасы қызып тұр. Әсіресе, Мьянманың Шан штаты әлемдік метафетаминнің ошағы саналады. Осы жерден есірткі Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттеріне, Австралия, Жаңа Зеландия, АҚШ, Канада мен Жапония, Оңтүстік Корея және Еуропа елдеріне жөнелтіледі.

Анель Бермағанбеттің ағасы Қанат Бермағанбет жоғалып кеткен екі қазақ баласын табу үшін көмегін аяр емес. Оның айтуынша, қылмыстық топ жұмыс іздеген жастарды ақшамен арбайды. Мыңдаған доллар жалақы беретінін, жұмыстың Таиландта екенін айтып, кейін атышулы «Алтын үшбұрышқа» әкетіп отырған.

 

 

Бөлісу657Твит411
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6023 бөлісу
    Бөлісу 2409 Твит 1506
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3203 бөлісу
    Бөлісу 1281 Твит 801
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2366 бөлісу
    Бөлісу 946 Твит 592
  • Мадина Садуақасова енесімен қарым-қатынасындағы қиыншылық туралы айтты

    1868 бөлісу
    Бөлісу 747 Твит 467
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2029 бөлісу
    Бөлісу 812 Твит 507
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1406 бөлісу
    Бөлісу 562 Твит 352
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1378 бөлісу
    Бөлісу 551 Твит 345
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1545 бөлісу
    Бөлісу 618 Твит 386
  • Али Оқапов әке болғалы өміріндегі өзгерістер туралы айтты

    1054 бөлісу
    Бөлісу 422 Твит 264
  • Ақтөбе облысына қарасты Қобда ауылында қызыл су басқан үйлер құлап жатыр

    1189 бөлісу
    Бөлісу 476 Твит 297
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.