Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Көңілдестерін төсекте видеоға түсірген": Шымкенттік келіншек күйеуінің опасыздығын айтып, жаға ұстатты

"Көңілдестерін төсекте видеоға түсірген": Шымкенттік келіншек күйеуінің опасыздығын айтып, жаға ұстатты
ашық дереккөз
Шымкенттік Ақмарал Сахун "Хабар" арнасындағы "Айналайын" бағдарламасында қонақта болды. Ол опасыз күйеуінің көрсеткен қорлығын айтып, сүйген жарын басқа әйелдердің құшағынан тапқан кездерін еске алды, деп хабарлайды KYN.KZ. Ақмаралдың айтуынша, ол күйеуімен екі аптадай сөйлескен. Кейін оны оңтүстік өңірге тән әдетпен алып қашып кетеді. «2014 жылдан бастап тыныштық кете бастады. Алдымен жұмыс істеген жоқ. Кейін жұмыс істеп, үйге қонбайтынды шығарды. Сылтаулары көп болатын. Арамыз суыды. Өзім де басқа адамы бар екенін сезіп жүрдім. Уақыт өте келе телефондағы смстері арқылы ұсталды. Тіпті, қыз-келіншектердің өзі күйеуіме телефон соғатын еді. Осы аралықта мен екіқабат болып, қызымды жеті айлығында дүниеге әкелдім. Баласы өмірге келген соң, бәрі өзгеретін шыға деп ойлайтынмын. Бәрі бекер екен. Ол неше түрлі қылық шығара бастады», - дейді Ақмарал. Келіншектің айтуынша, күйеуі басқа қыздармен сөйлескенде әйелінің қайтыс болғанын айтып, танысып жүрген. «Бірде ағам қайтыс болып, соның асында болдық. Ал бұл сәтте күйеуім басқа қызбен сөйлесіп, менің қайтыс болғанымды, артында қалған қызымызды өзі бағып отырғанын айтқан. Түрлі қыздармен түрлі мысалдар айтып, өтіріктерін жаудырып, сөйлескен екен. Енем мұның бәрі ұят болатынын айтып, жылы жауып отырды. Бірақ мен шыдамай, кетіп қалдым», - дейді ол. Кейін Ақмаралдың күйеуі қайтадан қосылуға ниет білдіріп, барлық әдетінен арылатынын айтқан. «Бұл кезде Астанада тұрып жатыр еді. Қызымды енем алып қалды да, мен күйеуімнің қасына бардым. Менің атымнан кредит, машина алды. Алтындарымды өткізіп жіберді. Айлығымды да сол ұстайтын. Бірде үйден флешка тауып алдым. Ішін ашып қарасам, кілең қыздардың суреті екен. Видео ашылмайды, жұмыстан арнайы көрдім. Аталған видеоға ол өзінің басқа әйелмен төсектес болған сәтін түсіріп алған. Мұның бәрі қыздардың ағалары келіп тиіскен жағдайда, дәлел ретінде көрсетпек болған. Осыдан соң мен тағы үйге кетіп қалдым», - дейді келіншек. Ақмаралдың бұрынғы күйеуі алты айдан соң екінші рет үйленген. Бірақ арада уақыт өткенде ол әйелімен де ажырасып кеткені белгілі болды.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар