Суббота, 25 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

«Көңілдестерін төсекте видеоға түсірген»: Шымкенттік келіншек күйеуінің опасыздығын айтып, жаға ұстатты

13.01.2023
0
«Көңілдестерін төсекте видеоға түсірген»: Шымкенттік келіншек күйеуінің опасыздығын айтып, жаға ұстатты

Шымкенттік Ақмарал Сахун «Хабар» арнасындағы «Айналайын» бағдарламасында қонақта болды. Ол опасыз күйеуінің көрсеткен қорлығын айтып, сүйген жарын басқа әйелдердің құшағынан тапқан кездерін еске алды, деп хабарлайды KYN.KZ.

Ақмаралдың айтуынша, ол күйеуімен екі аптадай сөйлескен. Кейін оны оңтүстік өңірге тән әдетпен алып қашып кетеді.

«2014 жылдан бастап тыныштық кете бастады. Алдымен жұмыс істеген жоқ. Кейін жұмыс істеп, үйге қонбайтынды шығарды. Сылтаулары көп болатын. Арамыз суыды. Өзім де басқа адамы бар екенін сезіп жүрдім. Уақыт өте келе телефондағы смстері арқылы ұсталды. Тіпті, қыз-келіншектердің өзі күйеуіме телефон соғатын еді. Осы аралықта мен екіқабат болып, қызымды жеті айлығында дүниеге әкелдім. Баласы өмірге келген соң, бәрі өзгеретін шыға деп ойлайтынмын. Бәрі бекер екен. Ол неше түрлі қылық шығара бастады», — дейді Ақмарал.

Келіншектің айтуынша, күйеуі басқа қыздармен сөйлескенде әйелінің қайтыс болғанын айтып, танысып жүрген.

«Бірде ағам қайтыс болып, соның асында болдық. Ал бұл сәтте күйеуім басқа қызбен сөйлесіп, менің қайтыс болғанымды, артында қалған қызымызды өзі бағып отырғанын айтқан. Түрлі қыздармен түрлі мысалдар айтып, өтіріктерін жаудырып, сөйлескен екен. Енем мұның бәрі ұят болатынын айтып, жылы жауып отырды. Бірақ мен шыдамай, кетіп қалдым», — дейді ол.

Кейін Ақмаралдың күйеуі қайтадан қосылуға ниет білдіріп, барлық әдетінен арылатынын айтқан.

«Бұл кезде Астанада тұрып жатыр еді. Қызымды енем алып қалды да, мен күйеуімнің қасына бардым. Менің атымнан кредит, машина алды. Алтындарымды өткізіп жіберді. Айлығымды да сол ұстайтын. Бірде үйден флешка тауып алдым. Ішін ашып қарасам, кілең қыздардың суреті екен. Видео ашылмайды, жұмыстан арнайы көрдім. Аталған видеоға ол өзінің басқа әйелмен төсектес болған сәтін түсіріп алған. Мұның бәрі қыздардың ағалары келіп тиіскен жағдайда, дәлел ретінде көрсетпек болған. Осыдан соң мен тағы үйге кетіп қалдым», — дейді келіншек.

Ақмаралдың бұрынғы күйеуі алты айдан соң екінші рет үйленген. Бірақ арада уақыт өткенде ол әйелімен де ажырасып кеткені белгілі болды.

 

Бөлісу1367Твит855
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6251 бөлісу
    Бөлісу 2500 Твит 1563
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3167 бөлісу
    Бөлісу 1267 Твит 792
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3330 бөлісу
    Бөлісу 1332 Твит 833
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1486 бөлісу
    Бөлісу 594 Твит 372
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1604 бөлісу
    Бөлісу 642 Твит 401
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2050 бөлісу
    Бөлісу 820 Твит 513
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    893 бөлісу
    Бөлісу 357 Твит 223
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    842 бөлісу
    Бөлісу 337 Твит 211
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2414 бөлісу
    Бөлісу 966 Твит 604
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1561 бөлісу
    Бөлісу 624 Твит 390
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.