Басты жаңалықтар

Кореяға жұмыс істеуге кеткен отандасымыз 1,5 жылдан бері табылмай жатыр

Кореяға жұмыс істеуге кеткен отандасымыз бір жарым жылдан бері табылмай жатыр. Шығыс Қазақстан облысының тумасы алғашқы кезде анасымен тұрақты хабарласып тұрған. Тапқан табысын жіберіп отырған. Енді қызынан хабар ала алмай жүргенін айтады, деп хабарлайды KYN.KZ сайты астана арнасының жаңалықтар қызметіне сілтеме жасай отырып. Шығыс Қазақстан облысының тумасы Альбина Кабдулдина есепші мамандығын меңгеріп, сауда үйінде сатушы болып жұмыс істеді. Жолдасы қайтыс болып, 13 жастағы жалғыз қызымен қалады. Анасына баспана алып бермек ниетпен табысы көп жұмыс іздейді. Осы мақсатта 2019 жылы Кореяға кетеді. "Постоянно связьда болды. Бір емес, екі рет шығатын. Жұмыс орнын көрсететін. Қайда істеп жатқанын, зауыттарын көрсететін. Пандемия уақытында визасымен проблема болды. Сол кезде шыға алмай қалдым деді. Бірақ бастықтары керек затты әкеп береді деді. Пусан, Сеул деген қалаларды ауыстырып отырды жұмыс табу үшін. Үйге қайт дегенде: мам, үйге барғанда не істеймін? табыс жоқ. Әйтеуір келгеннен кейін бірдеңесін жинап, теріп может бірдеңе аламыз деп сондай ниетпен кетті ғой",-дейді А. Кабдулдинаның анасы  Айгүл Болсаева. 35 жастағы Альбинамен байланыс 2021 жылдың 13 маусымында үзілді. Өзін қоярға жер таппаған ана қызын тауып беремін деген айлакерлерге тап болып, 10 млнға жуық ақша берген. "Уже міне 1 жарым жыл болды. Мен білмеймін қайда екенін...барлық мүмкіндікті жасадық. Дүниенің ақшасын жібердік. Бір әйел болысамын деп тоже отырғызып кетті үлкен ақшаға. Сөйтсе аферистка боп шықты. Енді білмеймін кімге сенуге болады? Қалай іздеуге болады? Мен білмеймін",-дейді А. Кабдулдинаның анасы  Айгүл Болсаева. Анасының баспаған табалдырығы, ашпаған есігі қалмады. Заңсыз мигранттардың құқығын қорғайтын "Корея көмек" қайырымдылық қорының мүшесі Самат Ахметов те отандасымызды іздеуге атсалысып келеді.