Басты жаңалықтар
"Ол ауыл халқын жылатты": Айгүл Орынбек Мұрат Қадірбектің Сенатор болуға еш лайық емес екенін айтты
- автор kyn.kz
- 14 қаңтар, 2023
- 251
Заңгер әр азамат сенатор болуға үмітті адамдар тізімін жіті қарауы керектігін ескертті
Заңгер Айгүл Орынбек халықтан Сенат сайлауына араласуды сұрады. Сөзінше тізімде халықты қанаған адамдар да жүр. Көпшілік оны көрмеген кейіп танытса ол адамдар заң шығарушы органға жайғасып, ауыл-аймақты былай қойып, бүтін мемлекеттің "игілігіне" жұмыс істеуге дайын, деп жазды KYN.KZ.
"Түркістан облысынан Мұрат Қадырбекті тізімнен көрдім! Мен ҚР азаматшасы ретінде Түркістан облысынан бұл кісінің сенатор түгіл, тізімде болуына қарсымын! Жаңа Қазақстан дәл мына кісідей сенатормен құрылмау керек!",- деді заңгер өз парақшасындағы жазбасында.
Мұның себебін түсіндірген Айгүл Орынбек Мұрат Қадірбек халық пайдасына емес әдемі есеп беруге жұмыс істейтінін нақты мысалмен келтірді.
"Арыс қаласының тұрғындары әлі үйлері қирап, далада сандалып, соттасып жүріп. Президентке үйлердің құрлысы “100% бітіп қойған”, деп есеп беріп, құрылысы жасалмаған халық әлі қираған үйлерде тұрып жатыр. Кәсіпкерлер әлі де ақшаларын алмай, кейбірі күйіктен өзіне қол жұмсап өліпте кетті. Ал Жетісай халқының жанып кеткен базарға қатысты іс әрекеттері жазатын болсам, ойбойой таусылмайтын жыр дастан!Ауыл аймақтағы халықтың мәселесін қатырмаған әкім, сенатты қарық қылама айтыңдаршы халқым?",- дейді заңгер.
Ол қарапайым халықты саяси таңдауларға араласып белсенді болуға шақырды.
"Заң шығаратын жерде халыққа пайдасыз емес, пайдалы адам отыру керек?! Бұл кісінің Арыс қаласында жасаған істерін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тексеру керек!
Халық алда депуттар сайлауы, болмайтын тақырыпқа назар аударып, бес жыл ұйықтап отыратын адамдарды өткізіп алмайық! Сенаторлар тізімін ақтарып, әр кандидатқа жіті назар аударыңдар!
Халықтың адамын сайлауды талап етейік! Отыз жыл жылап, ұйықтап келгендерге тойдық!",-деді Айгүл Орынбек.