Понедельник, 27 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Шымкентте 6 баланы жалғыз асырап отырған әйелдің үйі өртеніп, суықта далада қалды

14.01.2023
0
Шымкентте 6 баланы жалғыз асырап отырған әйелдің үйі өртеніп, суықта далада қалды

Шымкентте көпбалалы отбасы қақаған қыста далада қалды. Алты баланы жалғыз тәрбиелеп отырған Нәзира Дүйсебаеваның паналап отырған баспанасынан өрт шықты. Тілсіз жаудың тұтануына не себеп? Шиеттей бала қазір қайда?

Қызыл жалын кеше бәрі тәтті ұйқыда жатқанда тұттанған. Таңғы алтылар шамасында 8-сыныпта оқитын үлкен ұлы үстіне жоғарыдан әлденелердің түскенінен шошып оянып, келесі бөлмеде жатқан анасына айтқан. Әйтпегенде, артын ойлауды өзі қиын еді. Өрт шыққан бөлмеде Назира Дүйсебаеваның бес баласы жатқан. Көпбалалы ана төтеннен келген оқиғадан ес жия алар емес, көз жасы көл болды. Тек балаларының дін аман қалғанына тәубе етеді.

«Үш қызымның аяқ жағынан бастап жанып келе жатыр екен. Олардың қасында екінші балам жатқан. Барлығын орап, өзімнің екінші бөлмеме шығарып жатар орныма, сол жерге қойып қойып , өзім далаға шығып келіп, пештің үстінде шелекте су тұрған еді, соны шаштым. Одан баклажка бар еді, баклажкадағы суды шашып далбасалап не болып не қойғанын білмей қалдым. Үйге кірсем уже ана бөлмем де көк түтін болып, балаларым барлығы қақылдап жөтеліп жатыр екен»,-дейді қала тұрғыны Нәзира Дүйсебаева.

Жанұшырған ана балаларын көрпелерімен ораған күйі көршісінің үйіне таси бастаған. Өрттің нақты неден шыққанын білмейді. Білетіні, түнгі сағат ондарда ошаққа көмір саған. Ол екі сағатта жанып бітеді екен. Алайда жалын ошақ тұрған тар бөлмеде емес, келесі жатын бөлменің шатырынан қалай шықты деп өзі де аң-таң.

«Бұл мынау тақтайы құбырға жақын тұрған екен. Мынау осыған жақын тұрған екен. Мынау қызып, мынаған әсер еткен екенда. Мынау уже шіріп кеткен тақтай. Осымен әсер етіп, сол жерге дейін барған екенда. Бұл қызып-қызып, сол жерден өрт шыққан екен. Бұл тоқтан дейін десек тоқтан емес осыдан боп тұр деп айтты бізге»,-дейді қала тұрғыны Нәзира Дүйсебаева.

Көпбалалы отбасының бүтін қалған дүниесі жоқ. Нәзира, Қайнарбұлақ саяжайындағы бұл пәтерді өткен қыркүйектен бері паналап отыр. Жазғы саяжай ретінде салынған баспанаға пеш кейіннен орнатылған көрінеді.

«Шымкент қаласы, Абай ауданы, Қайнар бұлақ саяжайы, Виноградная көшесі бойында орналасқан, жалпы көлемі 36 ш.м. құрайтын уақытша тұрғын үйдің, көлемі 1 ш.м. төбе жабындысы жанды. Өрт сағат 07:56-да оқшауланып, сағат 08:03-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Алдын ала болжам бойынша қатты отынмен жанатын пештің ақаулығынан өрт шыққан»,-дейді Шымкент қаласы Төтенше Жағдайлар департаменті.

Бүгін екінші күн шиеттей баламен көршісінің үйін паналап отырған жалғызбасты ана қайырымды жандардың қамқорлығынан үмітті. Қалада пәтерақы қымбат болғасын саяжайдан пәтер жалдаған. 5 жастағы ерекше қызының денсаулығына байланысты өзі жұмысқа шыға алмайды. Төрт баласы мектеп жасында. Кенжесі балабақшада. Айта кетейік, бір түнде далада қалған отбасыға қамқорлық жасауға ұмтылып жатқандар аз емес. Бүгіннің өзінде 10 млн теңгеден астам ақша жиналып үлгерген.

Дереккөзі: Astanatv.kz

Бөлісу102Твит64
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3797 бөлісу
    Бөлісу 1519 Твит 949
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1490 бөлісу
    Бөлісу 596 Твит 373
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6317 бөлісу
    Бөлісу 2527 Твит 1579
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    1106 бөлісу
    Бөлісу 442 Твит 277
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    1080 бөлісу
    Бөлісу 432 Твит 270
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3366 бөлісу
    Бөлісу 1346 Твит 842
  • Қазақстанның төрт өңіріне өзен суы арнасынан тасу қаупі төніп тұр

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Твит 148
  • Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

    557 бөлісу
    Бөлісу 223 Твит 139
  • Астана қалалық соты Арман Шораевты кінәлі деп үкім оқып, жаза бекітті

    617 бөлісу
    Бөлісу 247 Твит 154
  • Ақтөбеде әйелі мен қызын пышақтаған мектеп директоры жазықсыз деп танылды

    454 бөлісу
    Бөлісу 182 Твит 114
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.