Ақтөбеде 15 жасар қыз өз үйінің сарайында асылып қалған
Ақтөбе облысының Шалқар ауданында 15 жасар қыз өзіне қол жұмсады. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KYN.KZ.
"Ағымдағы жылдың 13 қаңтарында сағат 00.10-да Шалқар ауданы Бегімбет ауылы үйінің ауласында орналасқан сарайда асулы тұрған 2007 жылы туылған кәмелетке толмаған қыздың денесі табылды. Аталған факті бойынша "суицидке жеткізу" ҚК 105-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы оқиғаның себептерін анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде", - делінген хабарламада. Айта кетелік, қазір аталған жағдайға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.