Среда, 8 февраля, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қытайда ата-аналар кәрі қыздары мен ұлдарын жәрмеңкеде «сатады»

Қытайда 26 жастан кейін қыздарды "қалдық" деп атайды

14.01.2023
0
Қытайда ата-аналар кәрі қыздары мен ұлдарын жәрмеңкеде «сатады»

Қытайда жастардың отбасын құрып бірге тұруына ата- аналар үлкен жауапкершілікпен, нақты талаптармен қарайды. Оларда, жастар бірін- бірі сүйіп қалыпты деп, ештеңеге қарамай үйлену тойын жасау деген жоқ, деп жазды KYN.KZ.

Қытай халқында қазақтың құдаласуы сынды рәсім бар. Ол жерде бір — біріне ұсынылатын жастардың білімі, әлеуметтік жағдайы, сұлулығы мен сымбаттылығы сай келуі керек. Мысалы, Қытайда 27 жастан асып, тұрмысқа шықпай қалған қыздарды «қалдық» деп атайды. Бізде «оң жақта отырған қыз» деп жатады. Бұл заманауи қытай жастарының намысына тиетін, әрі ағайын туыс саусақпен шұқып көрсететін зат болып есептеледі.

Қытайда ата-аналар кәрі қыздары мен ұлдарын жәрмеңкеде "сатады"

Мысалы, мына саябақта  екі жүзден астам ата-ана өз баласының теңін іздеп жүр. Қағазда үйленуі керек адамның жасы, білімі, айлығы, атында қандай мүлкі бар, алға қойған жоспары жазылған.

Қытайда ата-аналар кәрі қыздары мен ұлдарын жәрмеңкеде "сатады"

Мына ер адам ұлының суретін ерекше үлкен плакатқа шығарып алған. Сөзінше жалғыз ұлы. Атында үш үйі бар. Қазір айлығы жақсы бизнес кеңседе бөлім басқарады. Талабы, қыздың шашы ұзын, терісінің түсі ақ, бойы 1.65 см ден кем болмауы керек. Өз қызын ұсынған әйелден болашақ «келінінің» суретін көріп, пікірін ашық айтты. «Барлығы келіп тұр. Бірақ қыздың тісі сіздікі сияқты ақсиған. Сүйкімсіз. Ертең пластикалық ота жасаған күннің өзінде оның табиғи сүйкімсіздігі  немерелеріме өтеді. Қажет емес. Ұлыма ұнамайды» деп айтып салды.

Қытайда ата-аналар кәрі қыздары мен ұлдарын жәрмеңкеде "сатады"

Қыздың анасы еш ренжіместен сынды жақсы қабылдады. Қайта екі ата-ананың ортасында осы жағдайды есітіп тұрған журналист ұялып қалғанын айтты.

«Ол кісі дұрыс айтты. Ұлының талғамын білетін адам. Олар үйленіп, ертең ажырасып жатса ол үлкен мәселе. Сондықтан бір-біріміздің уақытымызды алмастан, бірден шешілгені жақсы»,-дейді әйел.

Мына жәрмеңке толы үйленбей жүрген жастардың туыстары. Олар осылайша өз балаларының бақыты үшін күресіп жүр. Бұдан бөлек Қытайда жастардың танысып, отбасы болуына жұмыс істейтін агенттіктер бар. Ол жерге ең қалталы қытайлықтар ақысын төлеп, өздеріне қалыңдық іздетеді. Агенттік өз кезегінде университет пен көшелерді аралап сұлу қыздарды табады.

Номерлерін алып суретке түсіріп, барлық сұрақтарына жауап табады. Қытай қыздары ондай агенттік жұмыстарына түсіністікпен қарайды. Өйткені олар мұндай агенттіктер қызметіне сенім білдіреді, қажеттілік деп таниды. Басы бостар бірден келіседі. Ал Қытайдағы байлар көбінде бойы 1.65-1.75 см аралығындағы, аққұба, жоғары білімді, тартымды, тісі түзу, шашы ұзын, қылықты әрі тәрбиелі қыздарды іздейді екен. Әрі отбасында жалғыз бала болуына аса мән береді.

Бөлісу179Твит112
  • Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    5053 бөлісу
    Бөлісу 2021 Твит 1263
  • «Көңілім толқып, қобалжып жүрмін»:Нұржан Төлендиев қызын ұзатқалы жатқанын хабарлады

    2691 бөлісу
    Бөлісу 1076 Твит 673
  • Алматылықтар дүкендерде киім өлшеп, қотыр, шуаш сынды тері ауруларын көптеп жұқтыруда

    2646 бөлісу
    Бөлісу 1058 Твит 662
  • Шәкірттері Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасына ерекше тосынсый жасады (видео)

    1649 бөлісу
    Бөлісу 660 Твит 412
  • Мақпал Жүнісова журналистің анасына жомарттық танытып, ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    1409 бөлісу
    Бөлісу 564 Твит 352
  • Ақбота Керімбекова: Арман Дүйсеновты іздедім, қоңырау шалдым алмай қойды

    1281 бөлісу
    Бөлісу 512 Твит 320
  • 7 рет ажал аузынан қалған адам: Әлемдегі ең жолы болғыштың оқиғасына әлем халқы таң қалды

    1099 бөлісу
    Бөлісу 440 Твит 275
  • Алматыда автобус ішінде қымбат телефонын ұрлатып жылаған қыздың мәселесін жүргізуші оңай ғана шешіп берді

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Алматыда қоғамдық көлікте ер адам жыныс мүшесін жалаңаштап жұртты шошытты (видео)

    1034 бөлісу
    Бөлісу 414 Твит 259
  • Әсел Асқар бала күнінде зорланғанын айтты

    857 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 214
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.