Басты жаңалықтар
Қытайда ата-аналар кәрі қыздары мен ұлдарын жәрмеңкеде "сатады"
- автор kyn.kz
- 14 қаңтар, 2023
- 378
Қытайда 26 жастан кейін қыздарды "қалдық" деп атайды
Қытайда жастардың отбасын құрып бірге тұруына ата- аналар үлкен жауапкершілікпен, нақты талаптармен қарайды. Оларда, жастар бірін- бірі сүйіп қалыпты деп, ештеңеге қарамай үйлену тойын жасау деген жоқ, деп жазды KYN.KZ.
Қытай халқында қазақтың құдаласуы сынды рәсім бар. Ол жерде бір - біріне ұсынылатын жастардың білімі, әлеуметтік жағдайы, сұлулығы мен сымбаттылығы сай келуі керек. Мысалы, Қытайда 27 жастан асып, тұрмысқа шықпай қалған қыздарды "қалдық" деп атайды. Бізде "оң жақта отырған қыз" деп жатады. Бұл заманауи қытай жастарының намысына тиетін, әрі ағайын туыс саусақпен шұқып көрсететін зат болып есептеледі. Мысалы, мына саябақта екі жүзден астам ата-ана өз баласының теңін іздеп жүр. Қағазда үйленуі керек адамның жасы, білімі, айлығы, атында қандай мүлкі бар, алға қойған жоспары жазылған. Мына ер адам ұлының суретін ерекше үлкен плакатқа шығарып алған. Сөзінше жалғыз ұлы. Атында үш үйі бар. Қазір айлығы жақсы бизнес кеңседе бөлім басқарады. Талабы, қыздың шашы ұзын, терісінің түсі ақ, бойы 1.65 см ден кем болмауы керек. Өз қызын ұсынған әйелден болашақ "келінінің" суретін көріп, пікірін ашық айтты. "Барлығы келіп тұр. Бірақ қыздың тісі сіздікі сияқты ақсиған. Сүйкімсіз. Ертең пластикалық ота жасаған күннің өзінде оның табиғи сүйкімсіздігі немерелеріме өтеді. Қажет емес. Ұлыма ұнамайды" деп айтып салды. Қыздың анасы еш ренжіместен сынды жақсы қабылдады. Қайта екі ата-ананың ортасында осы жағдайды есітіп тұрған журналист ұялып қалғанын айтты.
"Ол кісі дұрыс айтты. Ұлының талғамын білетін адам. Олар үйленіп, ертең ажырасып жатса ол үлкен мәселе. Сондықтан бір-біріміздің уақытымызды алмастан, бірден шешілгені жақсы",-дейді әйел.
Мына жәрмеңке толы үйленбей жүрген жастардың туыстары. Олар осылайша өз балаларының бақыты үшін күресіп жүр. Бұдан бөлек Қытайда жастардың танысып, отбасы болуына жұмыс істейтін агенттіктер бар. Ол жерге ең қалталы қытайлықтар ақысын төлеп, өздеріне қалыңдық іздетеді. Агенттік өз кезегінде университет пен көшелерді аралап сұлу қыздарды табады.
Номерлерін алып суретке түсіріп, барлық сұрақтарына жауап табады. Қытай қыздары ондай агенттік жұмыстарына түсіністікпен қарайды. Өйткені олар мұндай агенттіктер қызметіне сенім білдіреді, қажеттілік деп таниды. Басы бостар бірден келіседі. Ал Қытайдағы байлар көбінде бойы 1.65-1.75 см аралығындағы, аққұба, жоғары білімді, тартымды, тісі түзу, шашы ұзын, қылықты әрі тәрбиелі қыздарды іздейді екен. Әрі отбасында жалғыз бала болуына аса мән береді.