Астана мектептерінде бала тәрбиелеп жүрген 6 мұғалім алаяқ болып шықты
Олар дипломды сатып алып, сабақ беріп жүрген жерлерінен ұсталды
Елордада бірнеше мектептің мұғалімдері жалған дипломмен балаларға білім берген. Бұл фактіні Астана қаласының прокуратурасы білім беру ұйымдары қызметінің заңдылығын тексеру барысында анықтады. Жалған дипломмен жұмыс істеген 6 педагогтің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп жазды KYN.KZ . "ҚР ҚК 385-бабы 3-бөлігіне сәйкес жалған құжатты пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аталған ұстаздардың педагогикалық қызметі тоқтатылды",-делінген Астана қаласы прокуратурасы жолдаған хатта.